RU

Қазақстан Уханьнан өз азаматтарын эвакуациялады

Рассказать Вконтакте

Кеше, екінші ақпанда Қытай аумағынан 83 қазақстандық эвакуацияланды. Олардың елге ұшып келуі ҚР ДСМ Ұлттық шұғыл медицина үйлестіру орталығының ұйымдастыруымен жүзеге асты. Қайтып келген отандастарымыздың 80-і Ухань қаласында білім алған студенттер болып табылады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Фото: pixabay

Фото: pixabay

Бұл туралы Қазақстанның пермьер-министрінің ресми сайтында жазылған.

Ұшу барысында біздің азаматтарымызды барлық қорғау құралдарымен қамтамасыз етілген қазақстандық дәрігерлер сүйемелдеді.

Денсаулық жағдайы тексерілгеннен кейін елге оралған азаматтар қаладан жеті шақырым жерде орналасқан елорданың көпбейінді ауруханасы жанындағы инфекцияға қарсы арнайы бөлінген корпуста 14 күндік карантинге жатқызылды.

Клиника инфекциялық қауіпсіздіктің қажетті технологияларымен, заманауи диагностикалық, емдік және реанимациялық құралдармен жабдықталған. Онда тәжірибелі медициналық қызметкерлер жұмыс істейді.

Медициналық мекемеде эвакуацияланған азаматтар қосымша тексеруден, бірінші кезекте, коронавирустық инфекцияға тестілеуден өтеді.

Карантин кезеңі кезінде елге келген адамдармен тек аса қауіпті инфекциялармен жұмыс істеу тәжірибесі бар медициналық персонал ғана байланыста болады.

Елге жеткізілген азаматтардың туған-туыстары мен жақындары хабардар етілді және олар карантиндік кезеңнің регламентімен таныстырылды.

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша ҚХР-ға 13,6 тонна көлемінде медициналық бұйымдар түрінде гуманитарлық көмек жеткізілді.

Қырғызстан Республикасы, Беларусь Республикасы және Армения Республикасы биліктерінің өтініші бойынша осы елдердің де азаматтары ҚХР Ухань қаласынан эвакуацияланды.

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Қазақстан Уханьнан өз азаматтарын эвакуациялады
Mailfire view pixel