Выйти
RU

Бауыржан Исламхан "Аль-Айн" командасының сапында дебютті кездесуін өткізді (видео)

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Қазақстан құрамасының жартылай қорғаушысы Бауыржан Исламхан "Аль-Айн" клубындағы дебютті матчін өткізіп, нәтижелі пас берді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Sports.kz-ке сілтеме жасап.

исламхан

Фото: "Аль-Айн" клубының Instagram желісіндегі парақшасы

Исламханның командасы өз алаңында "Аль-Васл" клубын 5:0 есебімен жеңді. Қазақстандық футболшы ойынның қосымша 94 минутында Джамал Маруфке нәтижелі пас беріп, көзге түсті. Оның көмегімен салынған гол ойынның соңғы нүктесін қойған.

Айта кетсек, Бауыржан Исламхан 71 минутта Ахмед Барманды алмастырған. Сондай-ақ "Аль-Айн" командасы бір адамға кем ойнаған. Алайда бұл олардың сенімді жеңісі мен турнир кестесінде екінші орынға көтерілген.

Еске сала кетсек, футболшының хорватиялық маман Иван Леко баптайтын "Аль-Айн" ұжымымен келісім шартқа отыру үшін Бірікке араб әмірліктеріне аттанып кеткенін хабарлаған едік.

Сонымен қатар, Қазақстан құрамасының капитаны әрі алматылық "Қайраттың" бұрынғы ойыншысы Бауыржан Исламхан не себепті Біріккен араб әмірліктерінің чемпионатында өнер көрсететін "Аль-Айн" клубына ауысқанын мәлімдеген.

"Аль-Айн" жейдесінде өнер көрсететінім үшін бақыттымын. Әрбір ойында клубтың намысын қорғау үшін барымды салуға уәде беремін. Мен бұның маңыздылығын жақсы түсінемін. "Аль-Айн" қайда болса да үлкен беделге ие ұжым. Дәл осы клуб 2018 жылы клубтар арасындағы әлем чемпионатында мадридтік "Реалға" қарсы жақсы ойын үлгісін көрсетті, - деді ол.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Бауыржан Исламхан "Аль-Айн" командасының сапында дебютті кездесуін өткізді (видео)