Выйти
RU

Күйеуіңізге отбасылық мәселелерді қалай жеткізуді білесіз бе

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Отбасы болған соң онда мәселелер болмай тұрмайды. Ақшаның жетпеуі, үйдің болмауы, ағайын-туыстың сөзі сынды проблемаларды күйеуге қаншалықты жиі айту керек? Ер адамға мәселені қалай жеткізген жөн? Осы сауалға KAZ.NUR.KZ Ernur.kz-ке сілтеме жасап, тауып көрді.

Көрнекі фото: pixabay.com

Көрнекі фото: pixabay.com

Мәселені жиі қайталап айта беру мәселені шешуге көмектеспейді

Отбасы болған жерде үлкен-кіші проблемалар туындап тұрады. Бірақ, ерлі-зайыпты ақылдаса отырып, бірігіп, мәселенің түйінін тарқатуға тырысуы керек екені белгілі. Дегенмен, солай екен деп күйеуіңізге ойлануға, проблеманы шешуге уақыт бермесеңіз, ол шатасады. Немесе қырсығып, ештеңе жасамай жатып алуы да мүмкін.

Ер адамға жылы сөзбен, оның көңіліне келмейтіндей өтініш жасай білу керек. Көп жағдайда ерлі-зайыптылар бір-бірін тыңдағысы келмейтін кез келген мәселені отбасылық психологтың көмегімен шешуге болады. Ал, отбасылық психологтың көмегіне жүгінгіңіз келгенде күйеуіңізді ол жаққа аттап бастыра алмай, амалыңыз таусылады.

Не істейсіз?

Күйеуіңіз тұнжырап, шаршап келгенде проблеманы алдына тоса қоймай, оның көңілін жайландырыңыз. Кешігіп келсе, "қайда жүрсің? Ескертіп қойсаң болар еді ғой" деп шаптығуға асықпаңыз. Оның орнына жүзіңізді сәл жұмсартып, "барлығы дұрыс па? Кешіккеніңе уайымдадық қой. Балалар да күтіп қалды" деп күтіп алсаңыз, мағына өзгерген жоқ, тек дауыс ырғағы өзгереді.

Сұрағыңызды алғашқы тонмен қоятын болсаңыз, "ойнап жүрген жоқпын!" деп дүңк еткен жауапты аласыз. Өйткені, сұрағыңыз осылай болды. Егер, екінші тондағы дауыспен сұрақ қойсаңыз, сіздің көңіліңізді орнына түсіру үшін, уайымыңызды тарқату үшін ол өзі-ақ барлығын тәптіштеп түсіндіріп береді. Міне, осыдан кейін проблемаларыңыз жайлы оған айтып, бір-біріңізді түсіну әлдеқайда жеңілдей түспек.

Айта кетсек, бұған дейін отбасының қаражатын енесі ұстайтын, отбасылық мәселесін шеше алмаған келіншектің хикаясын жариялаған едік.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Күйеуіңізге отбасылық мәселелерді қалай жеткізуді білесіз бе