RU

АҚШ мемхатшысын Қазақстанның коронавирусқа қарсы жылдам әрекеті таң қалдырды

АҚШ мемлекеттік хатшысының Қазақстанға ресми сапары барысында бірқатар маңызды мәселелер талқыланды. Олардың ішінде қауіпті коронавирус та бар. Саясаткердің айтуынша, біздің елдің билігі аталған мәселені шешу үшін тез әрекет еткен деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

гссек
Майк Помпео. Фото: Laszlo Balogh/Getty images: Facebook

Sputnik Қазақстанның жазуынша, америкалық саясаткер Қазақстан өз азаматтарын коронавирустан сақтау үшін вирустың таралауын болдырмайтын қажетті шараларды жылдам қабылдаған.

Қазіргі уақытта республикада қауіпті вирус жұқтыруы мүмкін деген күдікпен 46 адам ауруханаға жатқызылған. Барлық науқастар тексеруден өтіп, дәрігерлердің бақылауында жатыр.

Саясаткердің айтуынша, ҚХР аумағындағы жағдайға тек біздің ғана ел алаңдаулы емес.

Сондай-ақ америкалық мемлекеттік хатшының хабарлауынша, республикада қазіргі уақытта Америкалық аурудың алдын алу және бақылау орталығының мамандары жұмыс істеуде. Олардың жұмысы ел тұрғындары арасында вирус жұқтырудың ықтимал жағдайларын бақылауға бағытталған.

Америкалық тарап сонымен қатар қазақстандық дәрігерлерді өз жұмысында қолданылатын қорғаныс құралдарымен қамтамасыз еткен.

Еске сала кетсек, бұған дейін АҚШ мемлекеттік хатшыс Майк Помпеоның Қазақстанның астанасына ресми сапармен келгені хабарланды.

Америкалық федералды үкіметтің өкілі Қазақстан басшылығымен екі ел арасындағы және жеке өңірдегі серіктестіктің келешегі жөнінде талқылайтыны белгілі болған.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/1839006-aks-memhatsysyn-kazakstanny-koronaviruska-karsy-zyldam-reketi-ta-kaldyrdy.html