RU
Балаңыздың ағзасына кері әсерін тигізетін тағамдарды білесіз бе

Балаңыздың ағзасына кері әсерін тигізетін тағамдарды білесіз бе

Рассказать Вконтакте

Әр адам перзентіне ең жақсыны беріп, қарнын тоқ, көйлегін көк етуді қалайды. Алайда кейде асыра сілтеп жататын кездер де болады. Мәселен, балаға кейбір тағамдарды мүлдем беруге болмайды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Рамблерге сілтеме жасап.

балаға

Көрнекі фото: pixabay.com

Шырын

Дайын шырындар бала организмі үшін шынымен де қауіпті. Шырынның бір шынысында шамамен алты қасық қант бар. Қанттың мұндай көп мөлшерінен көмірсу алмасуы бұзылып, салдарынан балаңызда диабет секілді дерт пайда болуы мүмкін.

Йогурт

Егер балаңыз йогуртты қатты жақсы көрсе, оны бермес бұрын құтының сыртында көрсетілген құрамын оқыңыз. Йогурт тәтті не майлы болмауы керек. Осы кезде ғана органзимге қатты зиянын тигізбейді. Айта кетсек, бұл өнімнен тек балалар ғана емес, бүкіл отбасы бас тарқаны абзал.

Дайын таңғы астар

Сыртындағы тәбет ашатын суретіне қарап, дайын таңғы астарды пайдалы тағам деуге келмейді. Шырындар мен йогурт секілді мұнда да қант өте көп. Мұндай асты бергенше, ерінбей ботқа жасаңыз.

Әйнекейленген сүзбешелер

Бұл ересектер мен балалар арасында танымал таңғы астың бірі. Құрамында қанты көп дайын сүзбешенің орнына кәдуілгі сүзбені тосаппен араластырып жеген жөн.

Еске сала кетсек, бұған дейін ми қызметін қандай көкеністің жақсартатынын жазған болатынбыз.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel