Выйти
RU

Алматыда шетелден әкелінген алғашқы көлік тіркелді

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Алматыда ЕАЭО елдерінен Қазақстанға кіргізілген бірінші көлік тіркелді. Автокөлік Ресейден әкелінген деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

көлік

Көрнекі фото: pixabay.com

Алматы әкімшілік полициясының дерегінше, бір сағат бұрын "Саялы" шағын ауданында орналасқан мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығында алғаш рет Ресейден Қазақстанға кіргізілген көлік тіркелген.

"Бұл құқықты 37 жастағы алматылық Владимир Баев пайдаланды. Ол өзінің "Рено" марқалы көлігін тіркеуден өткізді. Жалпы барлық процедура жылдам іске асты. Соның нәтижесінде жүргізушіге жаңа үлгідегі сары түсті мемлекеттік тіркеу белгісі берілді", - деді Алматы қаласының әкімшілік полиция басқармасының басшысы Жандос Мұраталиев.

Ал Владимир Баевтың айтуынша, ол демалыс күні мамандандырылған ХҚКО жұмыс істейтіндігін пайдаланып, көлігін ресми тіркеуге қоюға шешім қабылдаған. Оның сөзінше, процесс көп уақытын алмапты.

Еске сала кетсек, оңтүстік астана полициясы азаматтардың көлікті есепке енгізу үрдісі жөніндегі сұрақтарына жауап беретін арнайы сall-орталық ашқаны хабарланған.

Полицияның хабарлауынша, сall-орталық апта күндері сағат 9:00-дан кешкі 17:00-ге дейін жұмыс істейтін болады. Алматылықтардың барлық сұрақтарына тиісті әрі пайдалы жауап берілмек.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Алматыда шетелден әкелінген алғашқы көлік тіркелді