RU

ШҚО-да жасөспірім үш метр қардың астында қалып, мерт болды

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Шығыс Қазақстан облысында қайғылы оқиға орын алып, нәтижесінде бір жасөспірім қаза тапты. Балалар көшеде, өзенге жақын жерде ойнап жүрген. Кенеттен оларға қар құлап, "күнқағар" ("козырек" - ред.) пайда болыпты. Қар массасының қалыңдығы 3 метрді құраған деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

ШҚО-да бала үш метрлік қардың астында қалып, көз жұмды

Фото: ҚР ІІМ ТЖК

Оқиға жайлы ҚР ІІМ ТЖК айтып берді.

Ведомство ақпарынша, қайғылы жағдай 2 ақпан күні Шемонаиха көшесінде болған. Барлығы 4 жасөспірім ойнап жүрген, алайда олардың тек екеуінің үстіне қар құлапты.

Жәбірленушілердің бірін қар тек жартылай басқан, сол себепті достары 2004 жылы дүниеге келген жасөспірімді құтқарып алыпты.

Ал 2006 жылғы екінші жеткіншек түгелдей қардың астында қалған.

Балалар оқиға жайлы үлкендерге айтқаннан кейін құтқарушылар дереу іздестіру шараларын бастаған.

Іздестіруге тек құтқарушылар бригадасы ғана емес, кинологтар мен полицейлер, еріктілер де жұмылдырылды.

Мамандар жоғалып кеткен жасөспірімді табу үшін қолдан келгеннің бәрін жасауға тырысқан. Алайда жасөспірімнің денесі 3 метрлік қар массасының астынан табылған.

Құтқарушылар қайғылы оқиға қайталанбас үшін адамдарды мұқият болуға шақырды.

Естеріңізге сала кетейік, Петропавлда үш жасөспірім мұзды қалашықты қиратып тастаған еді.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
ШҚО-да жасөспірім үш метр қардың астында қалып, мерт болды
Mailfire view pixel