RU
Жақында тұрмысқа шыққан танымал актриса 12 күннен кейін ажырасып кетті

Жақында тұрмысқа шыққан танымал актриса 12 күннен кейін ажырасып кетті

Рассказать Вконтакте

Әйгілі актриса Памела Андерсон мен продюсер Джон Питерстің некесіне 12 күннен кейін сызат түсті. Актриса бұл жағдайға жанкүйерлері түсіністікпен қарар деген үмітте деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Жуырда тұрмысқа шыққан танымал актриса 12 күннен кейін күйеуімен ажырасып кетті

Фото: yahoo

52 жастағы актриса Памела Андерсон мен 74 жастағы Джон Питерстің некелескеніне екі апта да уақыт болған жоқ. Британдық Metro басылымының жазуынша, жұлдызды жұптың ажырасуы тойлары секілді күтпеген жерде болды.

Андерсонның сөзінше, ол өзінің тұрмысқа шығу туралы хабарын жылы қабылдаған жанкүйерлеріне ризашылығын білдіріп, оны қолдаған барша жанға алысын білдірді.

Дегенмен қос ғашық некелерін заңдастыруға асықпады. Олар алдымен өздерінің қарым-қатынастарын анықтау үшін уақытша бөлек тұруға шешім қабылдаған.

Осылайша, Андерсонның сөзінше, олар "өмір мен бір-бірінен не қалайтынын толықтай түсінеді".

Ерлі-зайыпты атанып үлгермеген Памела мен Джон тойларын Малибуде атап өтті. Олардың екеуі үшін де бұл бесінші неке болып отыр.

Атап өтейік, олар бұған дейін бірін-бірі ондаған жылдар бойы таныған. Тіпті, кезінде кездесіп те көрген екен. Енді, бірнеше жыл уақыт өткеннен кейін жұп қарым-қатынастарын қайта жаңғыртты.

Естеріңізге сала кетейік, 52 жастағы Памела Андерсонның бесінші мәрте тұрмысқа шыққанын хабарлаған едік.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel