RU
Қытайда коронавирустан қаза тапқандар саны 361-ге жетті

Қытайда коронавирустан қаза тапқандар саны 361-ге жетті

Рассказать Вконтакте

Қытайдағы жаңа коронавирустың салдарынан пайда болған өкпе ісінуінен зардап шеккендердің саны 17205 адамға жетті, сондай-ақ 361 адам қаза тапты деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ РИА Новостиге сілтеме жасап.

Қытайда коронавирустан қаза тапқандардың саны 361 болды

Көрнекі фото: pixabay.com

Бір күн бұрын ресми ақпар бойынша, 14380 адам зардап шегіп, 304-і қайтыс болғаны хабарланған еді. Филиппинде тағы бір адамның қаза тапқаны туралы ақпарат пайда болды.

Тағы 2296 адам ауыр халде жатыр. 475 пациент ауруханадан емделіп шықты. Соңғы бір тәулікте жаңа 2829 жағдай тіркелді. Гонконгте 15, Макаоде 8, Тайванда 10 жұқтырудың расталған жағдайлары анықталды. Қытайдың шегінен тыс жерлерде сырқаттанғандардың саны 148 адамға жетті.

Сондай-ақ, ҚХР-де тағы 21558 пациентте коронавирустың жаңа түру болуы мүмкін деген күдік бар. Ауырғандармен жақын болған 152,7 мың адам бақылауға алынды.

Еске сала кетсек, Қазақстан билігі Уханьнан өз азаматтарын эвакуациялағаны хабарланды. Елге 83 қазақстандық қайтарылған.

Бұған дейін, қытайлық ғалымдар жаңа вирустың таралуына тосқауыл бола алатын дәрі ойлап тапқанын жазған болатынбыз. Оның құрамына үш түрлі зат кіретіні белгілі болды.

Сондай-ақ, Ақтөбе облысының полицейлері коронавирус туралы жалған ақпарат таратқан фармацевтикалық компанияның қызметкерін құрықтады.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel