Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Отандық танымал вайнер екінші мәрте шаңырақ көтерді

Опубликовано:

Instagram желісінде "Jokeasses" тобында өнер көрсетіп көпшілікке танылған вайнер Назим Миссанов екінші мәрте үйленді. Белгілі блогер оңтүстік астанада дүркіретіп той жасап, барша жұлдызды вайнерлардың басын біріктірген. Алайда, күйеужігіт өз қонақтарынан жарының түрін суретке түсірмеуін сұраған көрінеді деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Фото: Instagram/nagimuwa/archibaaat/ratbek. Коллаж: KAZ.NUR.KZ
Фото: Instagram/nagimuwa/archibaaat/ratbek. Коллаж: KAZ.NUR.KZ: Instagram

Миссановтың қуанышына танымал "Yurframe", "Tjokres", Ratbek, Territima, Nagimuwa, Zheka Fatbelly сынды вайнерлер ортақтаысты. Оған қоса, жас жұбайлардың тойында The Limba мен Abdr лақап атты жас әншілер өнер көрсетті.

Көпшілік әлеуметтік желіде той кезіндегі суреттер мен видеолармен белсенді түрде бөлісіп, ғаламтор кеңістігін шулатты. Алайда, қызығы, блогерлердің ешқайсысы Назимның жарының түрін түсірмеген. Барлық бейнематериалдарда қалыңдықты тек артқа қарап тұрғанын көруге болады.

Танымал блогердің таңдауы Дильназ есімді аруға түскен. Бұдан басқа оның жары жөнінде ешқандай ақпарат жоқ.

Интернет арқылы танылған вайнерлер жас жұбайлардың үйлену тойында жақсы көңіл көтеріп, оларға өзінің ақ тілегін білдіріп қайтқан.

Желі қолданушылары үшін Миссановтың екінші мәрте үйленгені аса таңғаларлық жағдай болса керек. Оқырмандардың басым көпшілігі бұл жаңалықты мүлдем күтпеген.

Айта кетейік, бұл Назим Миссанов үшін екінші неке болмақ. Бұған дейін танымал вайнер отау құрып, көп ұзамай ажырасып кеткен болатын.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1839045-otandyk-tanymal-vajner-ekinsi-mrte-sayrak-kterdi-foto/

pixel