Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ирандық ұшқыш зымыранның украиналық ұшаққа қалай шабуылдағанын көрген

Опубликовано:

Ағымдағы жылдың басында Иранда жантүршігерлік әуе апаты болды. Мемлекеттің елордасы маңында жолаушылар лайнері құлады. Бортта 170-тен астам адам болған. Кейінірек Иран болған жағдайға өздерінің кінәлі екенін мойындады. Ал қазір әуе айлағы диспетчерлік келіссөздерді жазбасы пайда болды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Ирандық ұшқыш зымыранның украиналық ұшаққа қалай тигенін көрген
Көрнекі фото: obltv.ru: UGC

Жазбадан аэропорт диспетчері мен ирандық ұшақтың ұшқышының әңгімесі жазылған. Ирандық ұшақ украинлақы ұшаққа лайнер тиген кезде ұшу-қону жолағына қонып жатқан еді деп жазады ТСН.

Басылымның хабарлауынша, бұл жазбалар Ирандық биліктің апаттың себебін жасырып қана қоймай, зымыранның ұшаққа тиген уақытына дейін оны бақылап тұрғанының дәлелі.

Украиналық лайнердің ұшуы кезінде ирандық ұшақ қонуға дайындалып жатқан. Әуе кемесінің ұшқышы оған зымыран тиген сәтті көріпті.

Содан кейін диспетчер зымыран туралы ешқандай ақпарат жоқ екенін айтып, кейінірек ұшып бара жатқан нысанды бақылауды жалғастыруын сұрапты. Біраз уақыт өткеннен кейін ұшқыш зымыранның Тегеран жақтан жіберілгенін хабарлады.

Диспетчер украинлақы әуе бортымен бірнеше рет байланысқа шықпақ болған, алайда одан түк шықпапты.

Еске сала кетейік, 8 қаңтарда таңертең Имам Хомейни атындағы Тегеран халықаралық әуежайынан ұшып шыққан украиналық Boeing 737 лайнері әуеге көтерілгеннен кейін екі минуттан соң апатқа ұшырады.

Әуе кемесінің бортында болғандардың барлығы қаза тапты. Украина президенті Владимир Зеленский қаза тапқандардың отбасына көңіл айтты.

Сондай-ақ Иранның әуе қорғаныс күштері 11 қаңтар күні Украинаның Boeing 737 ұшағын қателесіп атып түсіргенін мәлімдеген еді.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/1839047-irandyk-skys-zymyranny-ukrainalyk-sakka-kalaj-sabuyldaganyn-krgen/

pixel