RU

Нұр-Сұлтанда қарапайым учаскелік полицей 7 адамды өрттен алып шықты (видео)

Құқық қорғау органдарының қызметкері Ерлан Жаңабаев өртке оранған ғимараттан жеті бірдей адамды алып шықты. Олардың екеуі - бала. Айта кетерлігі, ол өзінің ерлігі жайлы ешкімге тіс жармаған деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Нұр-Сұлтанда қарапайым учаскелік 7 адамды өрттен алып шықты (видео)
Фото: Видеодан кадр: UGC

Оқиға өткен сенбі күні, 1 ақпанда Орлыкөл көшесінде орналасқан жатақханада болды деп жазады Polisia.kz.

Жұмыс бабымен ауданды айналып өту кезінде полиция қызметкері тұрғын үйдің үстінен түтін шығып жатқанын көрген. Сол кезде Жаңабаев көмекке асыққан, сондай-ақ, жол жөнекей өрт сөндірушілерді шақырыпты.

Алайда құтқарушыларды күтуге уақыт жетпеген: Жаңабаев оқиға орнына жетіп, мамандарды күтпестен зардап шеккендерді эвакуациялауға кіріседі.

Нәтижесінде, ол жеті адамды құтқарған, олардың екеуі - бала.

Атап өту керек, содан кейін Жаңабаев болған оқиға жайлы ешкімге тіс жармай, жұмысын жалғастыра беріпті.

Тәртіп сақшылары әріптесінің ерлігі туралы онымен әлеуметтік желілерде сөйлескен кезде ғана білген.

Жанабаев өзінің іс-әрекетін ерлік, ал өзін қаһарман деп санамайтынын атап өтті. Ол Ішкі істер министрлігінде н жеті жылға жуық қызмет етіп келеді.

Өрттің салдары қазіргі таңда анықталып жатыр.

Естеріңізге сала кетейік, алматылық инкассатор Нұржан Өскембаев Bek Air әуе компаниясының ұшағы апатқа ұшырағаннан кейін адамдарды алғашқы болып құтқарған жан.

Ол өзінің ерлігі жайлы ешкімге тіс жармай, жұмысына кете берген. Алайда оқиғаны тергеу кезінде ер адамның ерлігі жайлы баршаға мәлім болды.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1839051-nr-sltanda-karapajym-ucaskelik-policia-7-adamdy-rtten-alyp-sykty-video.html