Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ер адам өзін артық салмағы үшін келеке еткен көршісін айуандықпен өлтірді

Опубликовано:

Үндістанда Али есімді ер адам дәмханада бірге жұмыс істейтін әріптесін өлтірді. Ол өзімен бірге жұмыс істейтін әйелмен көрші тұрған. Сол себепті ол одан өзін үйіне дейін жеткізіп салуын сұрап, ауылға жете бергенде әріптесін қылқындырып өлтірген деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Asia One-ға сілтеме жасап.

Ер адам әріптесін өлтірді
Фото: facebook.com/MemoTimurBiroBanyuwangi: UGC

Али мен оның Росида есімді әріптесі көрші тұрған. Сол себепті ер адам одан өзін мотоциклмен үйіне дейін жеткізіп салуын өтінген.

Алайда Али ауылдағы кокос плантациясына жете берген бойда әйелді тұншықтырып, арнайы дайындап қойған бензинді үстіне шашып, өртеп жіберіпті.

Росиданың жұмыстан қайтып оралмағанына алаңдаған жақындары дабыл қағып, полицияға шағымданған. Келесі күні құқық қорғау органдары әйелдің қара күйеге боялған денесін тауыпты.

Қаскөй қарыздарын төлеу үшін көршісінің ұялы телефоны мен мотоциклін ұрлап, 5,25 млн рупийге (145 мың теңгеге жуық ақшаға) сатып жіберіпті.

Қылмыскер өзі жасырынған қонақүйден ұсталды. Тұтқындаудан кейін түсірілген видеода жігіт рахаттана тамақтанып, өзіне риза секілді көрінген.

Алидің сөзінше, Росида оны бәрінің көзінше семіз деп атап, сумо күрескерлерімен теңегені үшін ол осындай қадамға баруға бел буған. Ол осы сөздер үшін әйелге қатты ренжіпті.

Енді үндістандық ер адам өмір бойы бас бостандығынан айырылады немесе өлім жазасына кесіледі.

Естеріңізге сала кетейік, Үндістанның Андхра-Прадеш штатында қораздар жекпе-жегінің 55 жастағы көрермені қаза тапты. Ол жануардың шабуылынан соң мерт болды.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1839062-er-adam-zin-artyk-salmagy-sin-keleke-etken-krsisin-ajuandykpen-ltirdi/

pixel