RU
"Кеселерді ауыстырдым": Қайрат Нұртастың әйелі келін болып түскен кезін көрсетті

"Кеселерді ауыстырдым": Қайрат Нұртастың әйелі келін болып түскен кезін көрсетті

Рассказать Вконтакте

Отандық шоу-бизнес жұлдызы Қайрат Нұртастың жары алғаш келін болып түскен кезін есіне алып, отбасылық мұрағаттағы суретпен бөлісті. Жұлдыз Әбдікәрімова бұған дейін еш жерде жарияламаған фотосын Instagram парақшасына жүктеп қойған. Оқырмандар оны бірден қызу талқылауға кірісті деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Фото: Instagram/
zhuldyzabdukarimovaofficial. Коллаж: KAZ.NUR.KZ

Фото: Instagram/ zhuldyzabdukarimovaofficial. Коллаж: KAZ.NUR.KZ

Бүгінде көпбалалы ана атанып отырған Әбдікәрімова көпшілікке жаңа отбасында келін ретінде алғаш шай құйған сәтін көрсетті.

Қайрат Нұртастың келіншегі отбасылық мұрағатта сақталып қалған фотоны жариялап, көпті қызықтырып қойды.

Суреттен хитменнің жары басына ақ орамал тартып, үстіне көк түсті халат киіп алғанын көруге болады.

"Бұл кезде жасым 18-де, алғаш келін боп түскенде “келіннің қолынан тәтті шай” ішуге жайылған дастархан. Қатты қобылжығаннан кеселерді ауыстырып алған едім. Сондай сәтте мама әзілді-қалжыңды сөздерімен, тігісін жатқызып, шатасқанымды жуып-шайып алатын. Ал сіздің тәтті шайыңыз қалай өткен еді" , - деп жазды Жұлдыз Әбдікәрімова.

Айта кетейік, бұған дейін Жұлдыз Әбдікәрімова елді дүрліктірген коронавирусқа қатысты ойын ортаға салып, балалары үшін қатты алаңдайтынын жеткізген болатын. Ол желіде әсерлі жазба қалдырып, оқырмандарын сақ болуға шақырды.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel