2020 жылғы 13 шілде – Қазақстан Республикасындағы Жалпыұлттық аза тұту күні

Выйти
RU

Бішкек тұрғыны Көкшетауда тұратын биологиялық анасына іздеу салды

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Қырғызстан азаматшасы қазақстандық бұқаралық ақпарат құралдарының біріне анасын іздеуге көмектесулерін сұрап, хат жазған. Әйелдің сөзінше, оның шешесі Көкшетауда тұруы мүмкін деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Бішкек тұрғыны Көкшетауда тұратын биологиялық анасын іздеп жатыр

Сәуде Садбакасова. Фото: kokshetau.asia

Сәуле Садбакасова қазіргі уақытта Бішкекте тұрады. Бала күнінде одан туған анасы бас тартқан.

Алайда 30 жылдан астам уақыт өтсе де, Сәуле өзіне жарық дүние сыйлаған адамды іздеуді жөн көріпті.

Ол үшін келіншек "Көкшетау Азия" ақпараттық агенттігіне хат жазған. Өйткені ол анасы дәл осы қалада тұрады деп есептейді.

Қырғызстандық әйелдің сөзінше, ол 1988 жылдың мамырында дүниеге келген. Қарағанды облысы Сарышаған ауылының тумасы.

Сәуленің айтуынша, оның анасы ауыл тұрғыны болмаған. Жас ана босанған соң Көкшетауға кете алмапты.

Ал нәрестені басқа адамдар асырап алған. Сондай-ақ, келіншек туа салысымен өзіне берілген тегін де көрсеткен. Асырап алғанға дейін оның тегі - Балгожина болыпты.

Одан бөлек, Сәуле асырап алған анасының сөздерінен биологиялық анасының өзінен амалсыздан бас тартқанын аңғарған. Әйелдің өзі қаламаса да, әпкесінің айтуымен бас тартыпты.

Сәуле Садбакасова журналистерге берген ақпаратының көмегімен туған анасын табамын деп үміттеніп отыр.

Еске сала кетсек, Белоруссияда жиырма жыл бұрын Минск-Осипович бағыты бойынша жүрген пойызда із-түзсіз жоғалып кеткен бала табылып, туған ата-анасымен қауышқан еді.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Бішкек тұрғыны Көкшетауда тұратын биологиялық анасына іздеу салды