Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ұшқыштардың жанжалынан соң ұшақ бағыт алған жеріне жете алмай қалды

Опубликовано:

Париждегі Шарль-де-Голль әуежайында ұшақ ұшқыштар арасында туындаған даудың кесірінен Мәскеуге ұша алмай қалды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ РЕН ТВ-ге сілтеме жасап.

Ұшқыштардың жанжалынан әуе кемесі бағыт алған жеріне жете алмай қалды
Көрнекі фото: skyscrapercity.com: UGC

Оқиға Air France әуекомпаниясының ұшағында орын алды.

Әуе кемесінің жолаушысының сөзінше, ұшақ 12:45-те Мәскеудегі Шерементьево әуежайына ұшуы керек болған. Борт ұшу-қону жолағына шыққан, алайда артқа кері бұрылыпты.

"Бізді ұшаққа ұзақ отырғызды, рейсіміз кешіктіріліп жатты. Ұшаққа отырып, қарсы жолаққа шыға бергеніміз сол еді, ұшақтардың кабинасында жанжал шыққанын естідік", - деді жолаушы.

Оның сөзінше, ұшақта отырғандарға кабинадағы жанжал туралы айтылыпты. Нәтижесінде экипаж ауыстырылды. Алайда жолаушы атап өткендей, салонның іші салқын болыпты.

Дегенмен бір сағаттан кейін Airbus-тың Парижге қайтып келе жатқаны белгілі болыпты. Жолаушылар басқа лайнерге ауыстырылды. Ұшақ Шереметьевоға жетті.

Естеріңізге сала кетейік, Қазақстан мен Қытай Халық Республикасы арасындағы әуе қатынасының уақытша тоқтатылғаны туралы хабарлаған едік.

Билік отандастарымызды коронавирустан қорғау үшін осындай шешімге келген.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1839074-skystardy-zanzalynan-so-sak-bagyt-algan-zerine-zete-almaj-kaldy/

pixel