RU
Қырғыздың "жаңа Құдайы" Қытайға қауіпті коронавирусты өзі жібергенін айтты (видео)

Қырғыздың "жаңа Құдайы" Қытайға қауіпті коронавирусты өзі жібергенін айтты (видео)

Рассказать Вконтакте

Өзін "Жаңа Құдаймын" деп жариялаған Арстанбек Абдылдаев аспан асты еліне коронавирусты өзі жібергенін айтты. Оның сөзінше, Қытай билігі "қырғыз халқының барлық ұлылығын" білмейінше, вирустың таралуына төтеп бере алмайды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

қырғыз

Фото: Facebook / Арстанбек Абдылдаев

Next TV арнасымен сұхбаттасқан Абдылдаев аспан асты елінің билігі Қырғызстанның төрт миллиард доллар көлеміндегі (1 511 781 200 000 теңге) қарызын кешірмегендіктен, ол Қытайға коронавирус жібергенін айтты.

Ер адамның айтуынша, Қытай билігі мойынсынбайынша, коронавирусты жеңе алмайды.

Арстанбек Абдылдаев көпшілікке өзінің кәсіпкерлік және саяси қызметімен танымал. Ол екі рет ел басқаруға талпынған.

Тіпті бір кездері қыс мезгілі болмайды деп мәлімдеме де жасаған.

Айта кетсек, Абдылдаев өткен жылы өзін Құдай деп жариялаған. Ер адамның айтуынша, ол төрт жасынан бастап ғаламмен байланыста болып, құбылыстардың барлық түрлерін көреді екен.

Еске сала кетсек, бүгін Қытайда қауіпті коронавирустың кесірінен 361 адамның қайтыс болғаны хабарланды. Сондай-ақ эпидемия салдарынан зардап шеккендердің саны 17205 адамға жетті.

Бір күн бұрын ресми ақпар бойынша, 14380 адам зардап шегіп, 304-і қайтыс болғаны хабарланған еді.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel