RU
Теміртаудағы қара түсті қар экология министрін алаңдатып қойды

Теміртаудағы қара түсті қар экология министрін алаңдатып қойды

Рассказать Вконтакте

Қазақстанның экология министрі Мағзұм Мырзағалиев әлеуметтік желідегі ресми парақшасында Теміртау қаласында жауға қара түсті қарға қатысты пікір білдірді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Теміртаудағы қара түсті қар экология министрін алаңдатып қойды

Көрнекі фото: naked-science.ru

Мағзұм Мырзағалиев Twitter парақшасында адамдардан қаланы басып алған ысқа қатысты шағымдар келіп түскенін атап өтті. Министрдің сөзінше, арнайы тексерулер жүргізіліп, қажетті шараны қолдануға уәде берді.

"Теміртау тұрғындары тағы да қалаға таралған ыс жөнінде шағымдануда. Экология департаменті табиғатты пайдаланушыларды, сондай-ақ, өнеркəсіп орындарының қолайсыз ауа райы кезіндегі қоршаған ортаға зардабын азайту шараларын орындауын тексермек. Оның қорытындысы жұртшылыққа хабарланады", - деп жазды министр.

Естеріңізге сала кетейік, 2019 жылы Елбасы Қарағанды облысының әкімі Ерлан Қошановты қабылдаған еді.

Нұрсұлтан Назарбаев осы өңірдің маңызы зор екенін атап өтіп, газбен қамту мәселесіне, сондай-ақ Теміртау қаласының экологиялық жағдайына айрықша тоқталды.

Облыс әкімі Елбасыға Жолдауда айтылған тапсырмаларды іске асыру үшін қабылданып жатқан шаралар туралы мәлімдеген еді.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel