Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тоқаев сыртқы істер вице-министрін тағайындады

Опубликовано:

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың өкімімен Алмас Айдарұлы Айдаров Қазақстан Республикасы сыртқы істер министрінің орынбасары қызметіне тағайындалды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Көрнекі фото: pixabay.com
Көрнекі фото: pixabay.com: Instagram
"Мемлекет басшысының Өкімімен Алмас Айдарұлы Айдаров Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары қызметіне тағайындалды", - делінген құжатта.

Айта кетейік, Алмас Айдаров 1983 жылы Жамбыл облысында өмірге келген.

Ол 2004 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін, 2009 жылы Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясын бітірді.

Айдаров еңбек жолын 2004 жылы бастаған.

Ол 2004 жылдан 2017 жылға дейін бірнеше мемлекеттік мекемелерде еңбек етті.

Шенеунік 2017 жылдың 28 маусымында Қарағанды ​​облысы әкімінің өнеркәсіп, шағын және орта бизнесті дамыту, сондай-ақ индустрияландыру және инвестициялар жөніндегі орынбасары болып тағайындалды.

2017 жылғы 26 шілдеден бастап "Сарыарқа" әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы директорлар кеңесінің мүшесі болды.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1839093-tokaev-syrtky-ister-vice-ministrin-tagajyndady/

pixel