RU
Коронавирус жұқтырған жүкті әйел дүниеге дені сау сәби әкелді

Коронавирус жұқтырған жүкті әйел дүниеге дені сау сәби әкелді

Рассказать Вконтакте

Қытайлық Харбин қаласының коронавирус ауруын жұқтырған тұрғыны сау баланы дүниеге әкелді. Бұл туралы дүйсенбі күні белгілі болды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Известия басылымына сілтеме жасап.

Коронавирус жұқтырған жүкті әйел дүниеге дені сау сәби әкелді

Көрнекі фото: economics-prorok.com

Мәлімет бойынша, әйел жүктіліктің 38-і апатасында болған. Пациенттің жағдайы күннен күнге нашарлағандықтан дәрігерлер баланы кесір тілігі арқылы алып шығуға бел буыпты.

Ота нәтижесінде келіншек салмағы 3,3 келі қызды дүниеге әкелді. Медицина қызметкерлері атап өткендей, жаңа туған нәрестенің жағдайы жақсы деп бағалануда.

Босандырудан кейін ақ халаттылар баланың анасын оқшаулау палатасына жатқыздырды деп хабарлайды ТАСС.

Жаңа туған нәрестеде екі рет - 31 қаңтарда және 2 ақпанда қанда коронавирустың нуклеин қышқылының бар-жоғы тексерілді, алайда екі жағдайда да зертханалық тестілер теріс нәтиже берді

Бұл уақытта қыздың анасының беті бері қарап, сауыға бастады. Анасы мен сәбиі дәрігерлердің қарауында болады.

Естеріңізге сала кетейік, күні кеше мемлекетіміз карантинге жабылған қаладан қазақстандықтарды эвакуациялаған еді.

Бұған дейін, қытайлық ғалымдар жаңа вирустың таралуына тосқауыл бола алатын дәрі ойлап тапқанын жазған болатынбыз. Оның құрамына үш түрлі зат кіретіні белгілі болды.

Сондай-ақ, Ақтөбе облысының полицейлері коронавирус туралы жалған ақпарат таратқан фармацевтикалық компанияның қызметкерін құрықтады.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel