RU
Киевтің орталығында әйгілі пластикалық хирургті өлтіріп кетті (видео)

Киевтің орталығында әйгілі пластикалық хирургті өлтіріп кетті (видео)

Рассказать Вконтакте

Белгілі хирург Андрей Сотникті әлдекімдер Украинаның астанасында өлтіріп кетті. Алдын ала мәлімет бойынша, күдікті медицина саласы маманының қолындағы дорбаны алып, оқиға орнынан табанын жалтыратқан деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Андрей Сотник. Фото: danne.com.ua, видеодан кадр

Андрей Сотник. Фото: danne.com.ua, видеодан кадр

Қайғылы жағдай 2 ақпан күні Украинаның астанасында болды.

"Жылдам Киев" Telegram-арнасының мәліметінше, күдікті хирургке бірнеше мәрте оқ жаудырып, оның қолындағы дорбаны алып кеткен.

Полиция тергеушілердің қылмыскерді іздестіріп жатқанын жеткізді. Олардың айтуынша, арнайы операция жүргізілуде.

Куәгерлер болса, бірнеше рет оқ атылғанын естігенін жеткізген.

Кейінірек құқық қорғау органдарының қызметкерлері қаза тапқан ер адамның Андрей Сотник екендігін анықтады.

Алдын ала мәліметтер бойынша, белгісіз біреу марқұмға оқ жаудырған уақытта хируг үйінің жанында келе жатқан.

CCTV камерасы түсірген кадрлардан шабуылдаушының қашып бара жатқан дәрігердің артынан қалай жүгіргенін көруге болады. Одан бөлек, желіде тараған роликте күдіктінің соңғы оғы медицина саласы маманының басына тигені байқалады.

Айта кетейік, Андрей Сотник 1977 жылы Украинаның Донецк қаласында өмірге келген.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel