Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматылық дәрігердің атынан жасырын кредит алғандар елдің жағасын ұстатты

Опубликовано:

Алматыдағы №7 қалалық аурухананың жоғары санатты дәрігер-инсультологы Аян Тұрысбеков күтпеген жерден алаяқтар құрбаны атанды. Дәрігердің аты-жөні мен жеке бас мәліметтерін пайдаланған белгісіз біреулер еліміздегі банктердің бірінен 300 мың теңге кредит алған. Ал өмірінде несие алып көрмеген Аян өзінің атында кредит барын сегіз жыл өткен соң біліп отыр деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Алматылық дәрігердің атынан жасырын кредит алғандар елдің жағасын ұстатты
Аян Тұрысбеков. Фото: жеке мұрағаттан: Original

Дәрігер Аянның басындағы жағымсыз оқиға туралы оның заңды өкілі, құқықтанушы Думан Базарбеков мәлімдеді.

Елімізге белгілі маманның айтуынша, бұл жайт Аян Тұрысбековтің отбасына ғана емес, қызметінде де кедергілер келтіріп отыр.

«Аян Тұрысбеков басындағы түсініксіз жағдайды айтып, менің көмегіме жүгінді. Ал мен заңгер ретінде барлық шараларды қолданып жатырмын.

Оқиғаны қысқаша түсіндіріп өтейін. Аян - қаладағы №7 қалалық ауруханада жұмыс істейтін тәжірибелі дәрігер. Өз ортасында да сыйлы. Бүгінге дейін ол несие алу үшін мүлдем банк көмегіне жүгінбеген.

Алайда, жақында оны бухгалтерия бөліміндегі әріптестері жеке шақырып, несиесін неліктен төлемей жүргенін сұраған. Ал осыған дейін кредит алып көрмеген ол көпке дейін болған жайттарды түсінбейді.

Бухгалтерлер Аянға барлық есепшоттарының бұғатталғанын айтып, әзір жалақы алмайтынын жеткізген. Дереу банкке хабарласқан соң ғана ол барлық жағдайға қанығады.

Белгілі болғандай, 2012 жылы Аян Тұрысбековтің атынан белгісіз біреулер 300 мың теңге көлемінде кредит рәсімдеп, кейін төлемей кеткен. Алаяқтардың жеке бас құжатындағы барлық дерек Аяндікімен бірдей. Тек қана фотодағы адам мүлде бөтен», - дейді заңгер.

Бұл оқиға Аян Тұрысбековтің отбасына да, жеке өміріне де, қызметіне де кедергілер келтіруде.

Өйткені, алдымен жалақыдан қағылған оған кейін әріптестері сенімсіздік таныта бастапты. Сондай-ақ, ол несиені тұрақты төлемейтін азамат ретінде қара тізімге енгізілген.

«Аянның жеке бас құжатындағы деректердің басқалар қолына қалай түскенін білмейміз. Несие қайтарылмаған соң, банк істі коллекторлық компанияға өткізіп жіберген. Ал олар Аянның барлық банк карточкаларын бұғаттап тастады.

Оның үстіне, 2012 жылы несие рәсімделген сәтте Аян Тұрсынбеков Алматыда болмаған. Нақты сол сәтте ол әскери борышын өтеп жүрген екен.

Бұл оқиға біздегі банк жүйесінің жұмысына тағы да үлкен күмән келтіруде. Осы орайда, Аянның атынан несие алған алаяқтан бөлек, несиені рәсімдеген банк пен менеджердің де кінәсі бар деп білемін. Біз бұл істі аяғына дейін жеткіземіз», - дейді Думан Базарбеков.

Осы оқиғаға қатысты NUR.KZ аталған банкке хат жолдады. Олар жақын арада жауап қайтаратынын айтқан.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1839108-almatylyk-drigerdi-atynan-zasyryn-kredit-algandar-eldi-zagasyn-statty/

pixel