Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Сегіз айлық балаға көлікті "басқаруға" берген ана көпшіліктің ашуын тудырды

Опубликовано:

Әлеуметтік желіде сегіз айлық қызын алдына отырғызып, көлікті басқаруға мүмкіндік берген бейқам ананың видеосы жарияланды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ "НТР 24"-ке сілтеме жасап.

Сегіз айлық балаға көлікті басқаруға берген ана көпшіліктің ашуын тудырды
Фото: Видеодан кадр: UGC

Келіншек қызды тізесіне отырғызып, рөлді ұстауға рұқсат берген. Ал ол өз кезегінде кенеттен рөлді бұрып жібереді.

Ролик кадрларында әйелдің ішек-сілесі қатып күлгенін көруге болады.

Видео кадрындағы келіншек, болжам бойынша, Альметьевск қаласының тұрғыны Гузель Сугнатуллина болып шыққан деп жазады "Плохие новости". Ол роликті лүпіл жинау үшін Instagram-ға жүктеген.

Алайда кейін ол парақшасын жауып, өзгелерден жасырынуға тырысыпты. Келіншектің видеоролигі көпшіліктің ашуын шақырды.

Желі қолданушылары анасы сәбидің өміріне қауіп төндіргенін жазды. Олар сонымен қатар, әйелдің өзі қауіпсіздік белбеуінсіз отырғанын байқап қалған.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін қыстың аязында 8 баласымен вагонды паналап отырған әйелдің көмек сұрап, жанайқайын жеткізгенін хабарлаған едік.

Сондай-ақ көпбалалы әйел "Алтын алқа" иегері екенін, ол үшін азғантай ақша алатынын жасырмады.

Айта кетейік, Қырғызстан азаматшасы қазақстандық бұқаралық ақпарат құралдарының біріне анасын іздеуге көмектесулерін сұрап, хат жазған.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1839109-segiz-ajlyk-balaga-klikti-baskaruga-bergen-ana-kpsilikti-asuyn-tudyrdy/

pixel