2020 жылғы 13 шілде – Қазақстан Республикасындағы Жалпыұлттық аза тұту күні

Выйти
RU

Қазақстанның айырбас нүктелерінде доллар бағасы қымбаттап кетті

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Америкалық доллар еліміздің айырбас нүктелерінде қымбаттап кетті. KASE биржасының мәліметтеріне сәйкес, теңге долларға қатысты 1,59 теңгеге арзандады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Көрнекі фото: NUR.KZ / Петр Карандашов

Көрнекі фото: NUR.KZ / Петр Карандашов

3 қаңтар күні Қазақстанның қор биржасында доллардың орташа курсы 1,59 теңгеге көтеріліп, 380,55 теңгеге жетті.

Оңтүстік астананың айырбас нүктелерінде бір америкалық доллардың құны 381,5 теңгеден 383 теңгеге дейін жетіп тұр. Ал елордада баға төмендеу: 380,6 теңгеден 381,5 теңгеге дейін.

Естеріңізге сала кетейік, осыған дейін еліміздің заңнамасындағы түзетулерге сәйкес, айырбас нүктелерінің жұмыс режимі ауысқаны белгілі болған еді. Осыған байланысты, экономист Олжас Төлеуов жаңа ережелердің ұлттық валютаға қалай әсер ететінін айтты.

Сарапшының пікірінше, қаржылық реттеуші қабылдаған шаралардың салдарынан елде валюта айырбастау пункттерінің саны қысқаруы мүмкін. Ол мұндай пікірге соңғы жылдардағы деректерді зерттеген соң келіпті.

Төлеуовтің жазуынша, өткен жылы айырбас нүктелерінің саны 55-ке қысқарып, мемлекет бойынша 2624 пункт қана қалыпты.

Сондай-ақ, ол жұмыс істеп жатқан айырбас нүктелерінің 60%-ы екінші деңгейлі банктердің нүктелері, ал 34%-ы кәсіпкерлерге тиесілі екенін атап өтті. Сарапшының мәліметінше, соңғы 22 жыл ішінде ел аумағында валюта айырбастау пункттерінің көпшілігі 2008 жылы жұмыс істеді.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Қазақстанның айырбас нүктелерінде доллар бағасы қымбаттап кетті