Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Ару деген атағың бар": Аяғын көтеріп тұрған Гүлназ Жоланованы ел сынап тастады (фото)

Опубликовано:

Отандық танымал актриса Гүлназ Жоланова аяғын жоғарыға көтеріп тұрған суретін жүктеймін деп, елден оңбай сөз естіді. Көпшілік өнер иесінің бұл қылығын қазақ қызына аса ерсі деп санап, оны аяусыз сынап тастады деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Фото: Instagram/zholanova_gulnaz. Коллаж: KAZ.NUR.KZ
Фото: Instagram/zholanova_gulnaz. Коллаж: KAZ.NUR.KZ: Instagram

Гүлназ Жоланова елдің қызу талқысын тудырған фотосын Instagram парақшасында жариялаған. Онда актриса тауда аяғын көтеріп тұрғанын көруге болады.

Оқырмандар бірден киножұлдыз арудың суретіне қатысты пікірлер жаудырып, оған қатысты өз ойын жеткізген. Бірі өнер иесін сынап жатса, енді бірі керісінше оның иілгіштік қасиетіне тәнті болған.

"Мына қызға не болған аяғын аспанға көтеріп?" , "Ерсі екен" , "Күнді теуіп жатыр ма?" , "Жарайсың, шымыр қыз" , "Өте әдемі", "Тәуекел Гүлназды үнемі өте тәрбиелі қыз деп айтушы еді. Ол қыз болса аяғын көкке көтеріп жүр. Ару деген атағы бар қыз" , "Сізден күтпедім" , "Масқара, күнді жауып тастадың", "Аяғыңды жайлап көтер, ұят болады" , "Иілгіштігіңе сөз жоқ" , "Қазақ қызы ешқашан аяғын көтермейді. Мына қылығың болмады" , - деп жазуда көпшілік.

Айта кетейік, бұған дейін Гүлназ Жоланова "Қазақ аруы" атағын әкесі сатып алып бергені жайлы қауесетке жауап берген болатын.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1839114-aru-degen-atagy-bar-aagyn-kterip-trgan-glnaz-zolanovany-el-synap-tastady-foto/

pixel