RU

Иcлам дінінде балаға қоюға тыйым салынған есімдер туралы не білесіз

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Балаға есім таңдарда абай болған жөн. Ғалымдар нәрестеге қойылған ныспы оның болашағына әсер етеді деген пікірде. Ислам дінінде қоюға тыйым салынған есімдер барын біреу білсе, екіншісі білмейді. Осы орайда KAZ.NUR.KZ порталы kazislam.kz-ке сілтеме жасап пайдалы мәлімет ұсынады.

Көрнекі фото: pixabay.com

Көрнекі фото: pixabay.com

Басылым дерегінше, құл деген мағынаны білдіретін "абд" сөзін Алланың есімі мен сипаттарынан басқа атауларға тіркеу арқылы жасалынған есімдерге тыйым салынады. Мысалы, Абдулузза – "Уззаның құлы", Абдулқағба – "Қағбаның құлы", Абдуннәби – "Пайғамбардың құлы", Абдуррасул – "елшінің құлы" және тағы басқа. 

Сондай-ақ, Алланың 99 көркем есімін сол қалпында балаға қоюға болмайды. Мәселен, Алла, әл-Бәрии, ар-Рахман, ас-Самад, әл-Ахад, әл-Халиқ, ар-Разиқ, әл-Ахад деген сыңайлы.

Нәрестеге жын-шайтандардың, кәпірлердің, дінсіздер көсемдерінің аттары, дінсіз идеологияға байланысты есімдерді қоймаған жөн.

Мысалы, Ібіліс, Ифрит, Перғауын, һаман, Жалұт, Әжүж, Мәжүж, Цезарь, Ленин, Сталин, Маркс, Тельман, Энгельс, Дарвин, Коммуна, Партия тағы басқалары. 

Сонымен қатар, "Патшалардың патшасы", "Әкімдердің әкімі", "Сұлтандардың сұлтаны" деген мағыналарды білдіретін есімдер.

Еске сала кетсек, осыған дейін балаңызға айтуға болмайтын он сөз туралы жазған болатынбыз.

Көрнекі фото: pixabay.com

Көрнекі фото: pixabay.com

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Иcлам дінінде балаға қоюға тыйым салынған есімдер туралы не білесіз
Mailfire view pixel