Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ричард Гирді қаңғыбас деп ойлаған әйел актерге өзінің тамағын берді

Опубликовано:

Франциялық мейірімді әйел қоқыс контейнерінен тамақ іздеген қаңғыбас адамды тамақтандырды. Алайда ер адам қаңғыбас емес, әйгілі голливуд актері болып шыққан деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ sm-news.ru-ға сілтеме жасап.

гиирр
Фото: Yandex.ru / nypost.com: Facebook

Келіншек Манхэттенге демалуға келген. Қала көшелерімен серуендеп жүрген ол аш-жалаңаш қаңғыбасты көріп қалады. Әйел ойланбастан, дәмханадан алған тамағының бәрін ер адамға бере салған.

Қайырымды әйел бір-екі күн өткеннен кейін ғана жергілікті БАҚ-тан жаңа кинода қаңғыбастың рөлін сомдаған Ричард Гирді тамақтандырғанын білген.

Белгілі болғандай, турист әйел байқаусызда түсірілім алаңына кіріп кеткен. Дегенмен оны ешкім тоқтатпаған.

Мейірімді келіншектің сөзінше, актер Ричард Гир жасы мен қаңғыбасша киінгеніне қарамастан, өте әдемі әрі жас көрінеді.

Енді әйелдің қайырымдылығының арқасында голливуд жұлдызымен түскен суреті бар. Ол фотоларды үйіне іліп қойып, көптеген нәзік жандылардың арманына айналған адаммен түскен суреті үшін мақтанады.

Айта кетсек, бұған дейін қартайып кеткен Сильвестер Сталлоне жанкүйерлерін алаңдатып қойған еді. Әйгілі америкалық актер және режиссер желіде мотивациялық видео жариялаған болатын. Оның оқырмандары өнер иесінің қартайып кеткенін аңғарып, уайымдап қалған.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1839116-ricard-girdi-kagybas-dep-ojlagan-jel-akterge-zini-tamagyn-berdi/

pixel