RU

Қандай жағдайда қазақстандықтарға зейнетақыны мерзімінен бұрын алуға рұқсат етіледі

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов Қазақстанда енгізуге ұсынылған зейнетақы жүйесінің жаңа моделі бойынша ұсыныстардың егжей-тегжейін айтты. Осы модельге сәйкес, кейбір қазақстандықтар жиналған зейнетақысының бір бөлігін шешіп ала алады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Қандай жағдайда қазақстандықтарға зейнетақыны мерзімінен бұрын алуға рұқсат етіледі

Көрнекі фото: NUR.KZ

Министрлік басшысының сөзінше, қазақстандықтардың жиналған қаражатын шешіп алуы үшін бірнеше шарт бар.

Сонымен, егер адамдар әлі зейнет жасына жетпеген болса да, жинақталған қаражат жеткілікті шектен асқан кезде ақшаның бір бөлігін алуға рұқсат ету ұсынылды.

Ал зейнетке шыққандарға жиналған қаржының шамамен бірден жартысын шешіп алуға рұқсат берілуі мүмкін. Бірақ ай сайынғы төлемдер базалық зейнетақымен бірге қалған жағдайда зейнеткердің соңғы жалақысының 40% құрауы шарт.

Министрдің айтуынша, президенттің тапсырмасына сәйкес, зейнетақы жүйесін реформалау бойынша жұмыс істейтін топтың алдында зейнетақы жинақтарын тарату емес, қазақстандықтарды қалыпты қартаюмен қамтамасыз ету, сондай-ақ азаматтардың жалақысын көлеңкеден шығару міндеті тұр.

Нұрымбетовтың сөзінше, үкімет пен Ұлттық банктің алдында тұрған тағы бір міндет - жинақталған ақшаның бір бөлігін ала алатын қазақстандықтардың санын көбейту.

Айта кетсек, қазіргі уақытта БЖЗҚ-да 10 млрд теңгедей қаржы жиналған. Бұл 9,9 млн қазақстандықтың ақшасы. Алайда көптеген зейнетақы шотында небәрі 500 мың теңге ақша бар. Зейнетақы шоты бар адамдардың 16 пайызында 500 мыңнан 1 млн теңгеге дейін ақша жиналған.

Тағы 15 пайызында 1 миллионнан 2 млн теңгеге дейін ақша бар. Яғни, БЖЗҚ-ның 84 пайыз салымшылары 2 млн теңгеге дейін қаражат жинаған.

Еске сала кетсек, бұған дейін 30 жастағы азаматтар зейнетақы жинағынан ақша шешіп алуы үшін шотында 6 миллион 700 мың теңгеден кем болмауы керектігі хабарланды.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Қандай жағдайда қазақстандықтарға зейнетақыны мерзімінен бұрын алуға рұқсат етіледі
Mailfire view pixel