RU
Елордада қазақ тілінде онлайн контент жасаушылардың IV форумы өтеді

Елордада қазақ тілінде онлайн контент жасаушылардың IV форумы өтеді

Рассказать Вконтакте

2020 жылдың 7 ақпанында Нұр-Сұлтан қаласында QazForum іс-шарасы өтеді. Форум қазақ тілді онлайн медиаға арналған ең ірі кәсіби алаң.

Елордада қазақ тілінде онлайн контент жасаушылардың IV форумы өтеді

QazForum

Жыл сайын Форумда қазақ тілді медиа саласындағы үздік сарапшылар, журналистер, блогерлер мен влогерлер, веб-сайттардың бас редакторлары кәсіби тәжірибесімен бөлісу, шетелдік және жергілікті спикерлерден білім алу, бейресми ортада қарым-қатынас құру мақсатында бас қосады.

Биыл Форум аясында қазақ тілді онлайн контенттен ақша табу, Қазақстан медиа нарығын дамыту мәселелерін талқылау, сондай-ақ, жетекші медиа сарапшыларының қатысуымен шеберлік сабақтары мен тренингтерді өткізу жоспарланған.

Форумға бастама беруші және идея жағынан шабыт беруші - Қазақстан Республикасындағы АҚШ Елшілігі, ұйымдастырушы - Қазақстан Баспасөз клубы.

Іс-шараға онлайн-БАҚ өкілдерін, блогерлер мен влогерлерді, медиа сарапшыларын қатысуға шақырамыз.

Тіркелу үшін және форум жайлы толығырақ ақпаратты алу үшін fkoc.kz сайтын қараңыз.

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel