Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Иранның әуе апаты үшін ұсынған өтемақысы Украинаның көңілінен шықпады

Опубликовано:

Украина президенті Владимир Зеленский Иран әуе қорғаныс күштері атып түсірген Boeing-737 ұшағы үшін ұсынған өтемақыға байланысты пікір білдірді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Sputnik Тәжікстанға сілтеме жасап.

Көрнекі фото: obltv.ru
Көрнекі фото: obltv.ru: Facebook

Украина басшысының айтуынша, Иран Тегеран түбіндегі әуе апатынан қаза болғандардың отбасыларына 80 мың доллардан өтемақы беруді ұсынған.

Алайда бұған украиналық тараптың көңілі толмаған.

"Бұл өте аз. Өтемақы мөлшерін арттыруға күш саламыз", – деді Зеленский.

Еске сала кетейік, 8 қаңтарда таңертең Имам Хомейни атындағы Тегеран халықаралық әуежайынан ұшып шыққан украиналық Boeing 737 лайнері әуеге көтерілгеннен кейін екі минуттан соң апатқа ұшырады.

Әуе кемесінің бортында болғандардың барлығы қаза тапты.

Иранның әуе қорғаныс күштері 11 қаңтар күні Украинаның Boeing 737 ұшағын қателесіп атып түсіргенін мәлімдеген еді.

Иран қарулы күштері Бас штабының мәліметінше, бұған "адамның қателігі" себеп болған. Әуе кемесі маңызды әскери нысанның қасынан ұшып, оны байқаусызда жаудың ұшағы деп қабылдаған.

Сонымен қатар Ислам Республикасының президенті Хасан Рухани украиналық әріптесімен телефон арқылы сөйлескен. Хасан Рухани Иран әскери күштерінің украиналық лайнерді атып түсіргені үшін барша Украина халқынан және осы қайғылы жағдайдан қаза болған жандардың туыстарынан кешірім сұрап, кінәлі адамдар жазаланатынын айтқан еді.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/1839143-iranny-ue-apaty-sin-syngan-temakysy-ukrainany-kilinen-sykpady/

pixel