RU

Алдағы үш күнде елімізде 15 градусқа дейін жылы болады

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

"Қазгидромет" РМК өкілдері 4-6 ақпан аралығында елімізде ауа райының қандай болатынын хабарлады деп жазады KAZ.NUR.KZ Қазақпаратқа сілтеме жасап.

алдағы үш тәулікте

Көрнекі фото: pixabay.com

Синоптиктердің болжамынша, Қазақстанға қарай жылжыған оңтүстік циклон мен атмосфералық фронттардың әсерінен бірнеше облыстарда қайтадан жауын-шашын, жылбысқы қар жауады.

Солтүстік, орталық және шығыс облыстарда қар жауып, боран соғады. Екпіні күшті жел тұрып, көктайғақ болады.

Жылы ауа массаларынан оңтүстік пен батыста ауа температурасы айтарлықтай жоғарылайды.

Ал алдағы тәуліктерде температураның жылымыққа дейін көтерілуі Қазақстанның қалған аймақтарында да басталады.

Нәтижесінде солтүстік, орталық және шығыс облыстарда күндізгі температура -5-тен +5°С дейін, оңтүстік және батыста + 3…8°С болмақ.

Ал қиыр оңтүстікте ауа температурасы + 15°С дейін жылынып, орташа көпжылдық мәннен 5…14°С-қа жоғары болады деп күтілуде.

Еске сала кетсек, бұған дейін синоптиктер ақпан айында елімізде қандай ауа райы болатынын болжаған еді. Мамандардың сөзінше, елде ауа райы жиі өзгеріп, ауа температурасы стандарттан жоғары болмақ.

Сарапшылар сол кезде шамамен 6-8 ақпанда республиканың солтүстігі мен шығысы Ираннан келетін жылы ауа массалары қосылатын жылы атмосфералық фронттардың әсерін сезінетінін мәлім еткен болатын.

Сондай-ақ, бұған дейін Түркістан облысында бәйшешек гүлдегенін хабарлаған едік.

Өңір тұрғыны гүлдеген бәйшешекті суретке түсіріп, оны әлеуметтік желіде бөліскен.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Алдағы үш күнде елімізде 15 градусқа дейін жылы болады
Mailfire view pixel