Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қытайлық UFC чемпионы коронавирустың таралуына байланысты елден кетпекші

Опубликовано:

Ең төменгі салмақтағы UFC чемпионы Вейли Чжан Қытайдан кетіп, кезекті жекпе-жегіне дайындығын Лас-Вегаста өткізуге шешім қабылдады. Спортшы коронавирустың өршуіне байланысты елден кетуге мәжбүр деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Vesti.kz-ке сілтеме жасап.

Вейли Чжан. Фото: mmation.com
Вейли Чжан. Фото: mmation.com: Facebook

Басында Вейли оқу-жаттығу жиынын толығымен Бейжіңде өткізуді жоспарлаған. Алайда, қазір елден кетуге бел байлапты. Қазіргі уақытта ол өзі және командасы үшін виза алу мәселесін қарастыруда.

Қытайлық спортшы 7 наурызда Лас-Вегастағы UFC 248 турнирінде Йоанна Енджейчикпен жекпе-жекке шығады.

Еске сала кетейік, бүгін Қытайда қауіпті коронавирустың салдарынан 361 адамның қайтыс болғаны хабарланды. Сондай-ақ эпидемия салдарынан зардап шеккендердің саны 17205 адамға жеткен.

Сондай-ақ Қытайда коронавирустың жаңа түрін жұқтырғандарға арналған аурухана қолданысқа берілді. Емдеу мекемесі небәрі он күннің ішінде салынып біткен. Ғимарат вирустың орталығында, Уханьда орналасқан.

Қазақстан билігінің Уханьнан өз азаматтарын эвакуациялағаны хабарланды. Елге 83 қазақстандық қайтарылған.

Бұған дейін, қытайлық ғалымдар жаңа вирустың таралуына тосқауыл бола алатын дәрі ойлап тапқанын жазған болатынбыз. Оның құрамына үш түрлі зат кіретіні белгілі болды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/1839155-kytajlyk-ufc-cempiony-koronavirusty-taraluyna-bajlanysty-elden-ketpeksi/

pixel