RU

Шетелдік көліктерді тіркеу үшін қандай құжаттар қажет

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Еуразиялық экономикалық одақ елдерінде тіркелген көліктерді Қазақстанға әкелу және пайдалану туралы ереже бекітілді. Аталған құжатқа үкімет басшысы қол қойды, енді ішкі істер министрлігі автокөліктерді тіркеу бойынша шаралар қабылдауы керек деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Sputnik Қазақстанға сілтеме жасап.

Фото: Sputnik

Фото: Sputnik

"Қазақстан Республикасының азаматтары Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттерден 2020 жылдың 1 ақпанына дейін әкелінген көлік құралдары үшін төлем 2021 жылдың 1 наурызына дейін төленеді", – делінген құжатта.

Ішкі істер министрлігіне биылғы жылдың 1 наурызға дейін көлік құралдарын тіркеу бойынша шаралар қабылдау және тіркеу куәлігінің жарамдылық мерзімін 2021 жылдың 1 наурызына дейін белгілеу тапсырылды.

Қазақстандықтар шетелдік нөмірі бар автокөліктерді келесі жылдың 1 наурызына дейін тіркеуі керек. Бұл тізімге 2020 жылдың 1 ақпанына дейін ЕАЭО елдерінен әкелінген көліктер жатады.

Көлікті тіркеу үшін төмендегі құжаттар қажет:

  • жеке куәлік;
  • бұрынғы мемлекеттік немесе транзиттік нөмірлер;
  • көлік құралын тіркеу туралы куәлік;
  • меншікті растайтын құжат;
  • алғашқы тіркеу үшін төлемнің түбіртегі, мемлекеттік нөмір мен техникалық төлқұжатты жасау үшін салық төлемінің түбіртегі.

ЕАЭО елдерінің автокөліктеріне берілетін мемлекеттік нөмір сары түсті және "18" нөмірімен белгіленеді.

Сондай-ақ Одаққа мүше елдерден әкелінген көлікті уақытша тіркеуден өткізгеннен кейін бір жыл ішінде барлық тиісті салықты төлеп, кедендік рәсімдеуден өткізу қажет.

Еске сала кетейік, мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев үкіметтің кеңейтілген отырысында Қырғызстан, Ресей мен Армениядан әкелінген көліктерге қатысты пікір білдіріп, көлік иелеріне көлікті ресімдеу немесе елден шығару үшін 2021 жылдың 1 наурызына дейін уақыт берілетінін мәлімдеген еді.

Айта кетейік одаққа мүше елдердің автокөлігіне берілген алғашқы уақытша мемлекеттік нөмір Алматы қаласында тіркелді.

Жүргізушілерге сары түсті жаңа үлгідегі тіркеу нөмірі берілді. ХҚКО-да Ресейден әкелінген көлікті тіркеуге бір сағаттан аз уақыт кеткен.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Шетелдік көліктерді тіркеу үшін қандай құжаттар қажет
Mailfire view pixel