Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Үйге қайтқымыз келеді": Тәжік студенттері Қытайда наразылық акциясын өткізді

Опубликовано:

Тәжік студенттері Орталық Азия елдерінің студенттерімен бірге Қытайдың Сиань әуежайында наразылық акциясын өткізді. Олар ағылшын тілінде "Үйге қайтқымыз келеді!" деп айқайлады. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Орталық Азияның жаңалықтар қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Фото: Видеодан кадрлар/ Орталық Азия жаңалықтар қызметі
Фото: Видеодан кадрлар/ Орталық Азия жаңалықтар қызметі: Instagram

2 ақпан күні таңертең 25 тәжік студенті Сиань-Екатеринбург-Душанбе рейсіне отыра алмаған. Шетел азаматтары Қытайдан тезірек кетуге асығып отыр. Бұл елде коронавирустан шамамен 300 адам көз жұмса, бірнеше мың адам вирус жұқтырған.

Тәжік студенті Низомиддин Хужабековтің Озоди радиосына хабарлауынша, олар билетті 1 мыңнан астам долларға сатып алған, бірақ әуежай қызметкерлері студенттерді ұшақ бортына жібермеген.

Әуежай өкілінің мәлімдеуінше, ресейлік әуе компаниясы шетел студенттерін тасудан бас тартқан. Тәжік студенттері лайнер бортына Ресей азаматтары ғана отырғанын айтты.

Дегенмен билетті сатып, артынша мұндай шешім қабылдауға не себеп болғаны белгісіз.

"Бізге билет сатты, бірақ бортқа отырғызбады. Ресей азаматтары ғана ұшып кетті. Билеттің құнын да қайтармады. Сол себепті біз наразылық акциясын өткіздік", - дейді Низомиддин Хужабеков.

Қытайдың көптеген қаласында коронавирусқа қатысты карантин жарияланып, оқу мекемелері уақытша жабылғаны хабарланған.

Тағы бір тәжік студенті Журабек Ёрзоданың айтуынша, олар Қытайдан бір аптадан бері кете алмай жүр. Олар әуелі Сиань-Сеул-Ташкент рейсіне билет алғысы келген, бірақ өзбек әуе компаниясы рейстерді тоқтатқан.

"Біз әуежайда жүрміз, Қытайдан тез арада кетуіміз керек. Таңертең ұша алмадық. Енді Гуанджоу-Мәскеу рейсіне билет сатып алдық", - дейді Журабек.

Қытайда қанша тәжік студенті оқитыны нақты белгісіз.

Бұның алдында Тәжікстан білім министрі Мұхаммадюсуф Имомзода Ухань қаласында 43 тәжік студенті қалғанын, 18 студент карантинге дейін демалысқа оралғанын мәлімдеген.

Айта кетейік, екінші ақпанда Қытай аумағынан 83 қазақстандық эвакуацияланды. Олардың елге ұшып келуі ҚР ДСМ Ұлттық шұғыл медицина үйлестіру орталығының ұйымдастыруымен жүзеге асты.

Қайтып келген отандастарымыздың 80-і Ухань қаласында білім алған студенттер.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/1839172-jge-kajtkymyz-keledi-tzik-studentteri-kytajda-narazylyk-akciasyn-tkizdi/

pixel