Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматы облысында қылмыс әлемінде "Серік Голова" атымен танымал азамат ұсталды (фото)

Опубликовано:

Ұлттық қауіпсіздік комитеті Ішкі істер министрлігімен бірлесіп, Серік Жаманаев (қылмыстық лақап аты – "Серік-голова") жетекшілік еткен ықтимал ұйымдасқан қылмыстық топтың жолын кесті деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап KAZ.NUR.KZ.

Фото: knb.gov.kz
Фото: knb.gov.kz: UGC

ҰҚК жариялаған ақпаратқа сәйкес, ұстау бойынша арнайы операция екі күн бұрын, 1 ақпанда өткізілген.

Серік Жаманаевпен бірге тағы алты адам ұсталып, қамауға алынған.

Олар ауыр және аса ауыр бөлімге жататын қылмыстарды жасады деп күдіктелуде.

Фото: knb.gov.kz
Фото: knb.gov.kz: UGC

Ұсталған күдіктілердің тұрғылықты жерлері бойынша жүргізілген тінту іс-шаралары барысында автоматты және жартылай автоматты қару, ірі ақшалай қаражат сомасы, сондай-ақ ұсталғандардың бөгде мүлікті иемденуін растайтын заттар алынған.

Фото: knb.gov.kz
Фото: knb.gov.kz: UGC

Істі тергеу жұмыстарымен ұлттық қауіпсіздік комитеті мен ішкі істер министрлігі өкілдерінен тұратын арнайы топ айналысып жатыр.

Айта кетейік, осыған дейін Ұлттық қауіпсіздік комитеті Қарағанды мен Тараздағы деструктивті діни ағым өкілдерін тұтқындағанын хабарлады.

Тергеу нұсқасына сәйкес, аталған топ республика аумағында, оның ішінде адамдар көп шоғырланатын жерлерде террористік актілер жасау мақсатында құрылған.

Қазіргі уақытта тергеу жұмыстары жалғасуда.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1839175-almaty-oblysynda-kylmys-lemini-serkesi-serik-golova-staldy-foto/

pixel