RU

Бекшин: Қытай шекарасын тек жүктер мен шенеуніктер ғана кесіп өтеді

Қазақстанның бас санитар дәрігері Қазақстан мен Қытай арасындағы әуе хабарламасы 4 ақпаннан бастап тоқтайтынын хабарлады. Енді шекарадан тек шенеуніктер мен жүктер ғана өте алады деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Көрнекі фото: NUR.KZ
Көрнекі фото: NUR.KZ: UGC

Жандарбек Бекшиннің сөзінше, қос ел арасындағы шекара бүгіннен бастап жабық. Елге Қытайдан қазақстандықтар отырған соңғы ұшақтар келіп жатыр.

Сонымен қатар, Қытай мен Қазақстан арасында пойыздар мен автобустар үшін жолдар жабылды.

"Шекараны тек жүктер мен ресми делегация құрамындағы шенеуніктер ғана кесіп өте алады. Оларды екі мемлекет билігі де тепловизормен тексереді", - деqді Бекшин.

Бекшин елдің барлық шекарасында қосымша тепловизорлар орнатылғанын мәлімдеді. Олардың қатарында "тұтас" стационарлық және қол тепловизорлары бар.

Айта кетейік, Қытай мен Қазақстан арасындағы шекаралық бекеттерді Қытайда коронавирустың пайда болып, басқа мемлекеттерге тарауына байланысты үкімет жанынан құрылған ведомствоаралық комиссия төрағасы Сапарбаев тексерген.

Еске сала кетейік, бұған дейін "Қорғас" шекара маңы ынтымақтастығы халықаралық орталығы коронавирустың алдын алу мақсатында 15 ақпанға дейін жабылғанын хабарлаған едік.

2 ақпанда ел билігі Ухань қаласындағы отандастарымызды эвакуациялады.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/1839180-beksin-kytaj-sekarasyn-tek-zkter-men-seneunikter-gana-kesip-tedi.html