RU

Қытай АҚШ-ты коронавирусқа қатысты дүрбелең тудырды деп айыптады

АҚШ Қытайға коронавирустың жаңа түрімен күресуде ешқандай елеулі көмек көрсетпеді. Керісінше, аурудың таралуына байланысты дүрбелең тудыру үшін бірқатар шара қабылдады. Дүйсенбі күні Қытай СІМ ресми өкілі Хуа Чуньин осындай мәлімдеме жасады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ РИА Новостиге сілтеме жасап.

Хуа Чуньин. Фото: rbc.ru
Хуа Чуньин. Фото: rbc.ru: Facebook
"Ауру таралған сәттен бастап көптеген елдер Қытайға көмектерін ұсынып, қолдау көрсетті. Сол үшін алғыс білдіреміз. Бірақ, менің білуімше, АҚШ Қытайға ешқандай елеулі көмек көрсетпеді, керісінше, бірінші болып Уханьнан өз консулдығының қызметкерлерін қауіпсіз аймаққа көшірді. Елшілік қызметкерлерін Қытайдан алып шығуға бірінші болып ниет білдірді.
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы Қытаймен сауда-саттық жасауға және елге сапарлар жүргізуге шектеу қоймау туралы ұсыныс білдірген соң, АҚШ бірінші болып ҚХР-дың барлық азаматтарына елге кіруге толық тыйым салды", – деп мәлімдеді Хуа Чуньин онлайн-брифинг барысында.

Ол АҚШ-тың осы әрекеттері "дүрбелеңнің пайда болуы мен таралуына" әсер еткенін атап өтті.

Еске сала кетейік, бүгін Қытайда қауіпті коронавирустың салдарынан 361 адамның қайтыс болғаны хабарланды. Сондай-ақ эпидемия салдарынан зардап шеккендердің саны 17205 адамға жеткен.

Сондай-ақ Қытайда коронавирустың жаңа түрін жұқтырғандарға арналған аурухана қолданысқа берілді. Емдеу мекемесі небәрі он күннің ішінде салынып біткен. Ғимарат вирус алғаш тараған Уханьда орналасқан.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/1839181-kytaj-aks-ty-koronaviruska-katysty-drbele-tudyrdy-dep-ajyptady.html