Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қырғызстанның танымал әншісі Мирбек Атабеков ел президентіне үндеу жолдады

Опубликовано:

Қырғызстанның танымал әншісі Мирбек Атабеков ел президенті Сооронбай Жээнбеков үндеу жолдады. Өнер иесі анасының үйіне ұрлыққа түскен қарақшылық істі тергеп жатқан милиция әрекетіне наразылық білдірген деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Орталық Азияның жаңалықтар қызметіне сілтеме жасап.

Мирбек Атабеков. Фото: instagram.com/mirbek_atabekov
Мирбек Атабеков. Фото: instagram.com/mirbek_atabekov: Depositphotos

Мирбек Атабеков жергілікті БАҚ-қа берген сұқбатында күдіктінің бостандыққа шыққанын айтқан.

"Егер ұрланған зат күдіктінің көлігінен табылса, егер ол кінәлі болмаса, онда ол зат көлігінде қайдан жүр? Біз білмейтін көп нәрсе бар. Мен ел үкіметіне, президентке ашық үндеу жолдаймын. Біздегі сот, құқық қорғау органдары жүйесін тазарту керек. Өмір сүрудің өзі қорқынышты болып кетті", - дейді әнші.

Атабековтің сөзінше, күдікті Жаңа жыл алдында бостандыққа шыққан. Қарақшы анасының үйіне ұрлыққа түсіп ғана қоймай, анасы мен қарындасын қорқытқан.

Мирбек Атабековтің анасы былтыр мамыр айында милицияға арыз жазған. Оның айтуынша, қарақшылар қаруланған, беттеріне маска киген. Арызға қарағанда, 60 мың доллар мен 15 мың сом және алтын бұйымдарын алып кеткен.

Ал құқық қорғау органдары былтыр қыркүйек айында екі күдікті ұсталғанын хабарлаған.

14 қазанда күдікті Медет Бейшековтің анасы Жыпаргүл Иманакалиева президент Сооронбай Жээнбековке хат жазып, ұлы кінәсіз болса да, бір жарым ай қамауда отыр деп мәлімдеген.

Айта кетейік, бұған танымал қырғыз жазушысы Шыңғыс Айтматовтың қызы Шырын Айтматова да Сооронбай Жээнбековке ашық хат жариялап, өзі басқаратын "Үміт 2020" қозғалысы өкілдерінің қуғын көріп жатқанын мәлімдеген еді.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1839200-kyrgyzstanny-tanymal-nsisi-mirbek-atabekov-prezidentine-hat-zazdy/

pixel