Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Дәрігерлер Қытайдан келіп, карантинде жатқан студенттердің жағдайын айтты

Опубликовано:

Денсаулық сақтау министрлігі Тауарлар мен қызметтер қауіпсіздігінің сапасын бақылау комитеті төрағасының орынбасары Нұрхан Сәдуақасов Уханьнан Қазақстанға жеткізіліп, карантинге жатқызылған студенттердің жағдайын баяндады. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Денсаулық сақтау министрлігінің сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Нұрхан Сәдуақасов. Фото: Sputnik/ Болат Шайхинов
Нұрхан Сәдуақасов. Фото: Sputnik/ Болат Шайхинов: Facebook

Ведомствоның мәліметінше, 2 ақпанда оралған 83 қазақстандық азамат карантинге жатқызылған, оның 80-і студенттер.

"Олардың барлығы Нұр-Сұлтан қаласындағы көпбейінді ауруханаға орналастырылды. Бұл мамандандырылған жаңа аурухана, жоғары қауіпсіздік жүйесімен жабдықталған. Әрбір қабаттағы палаталардың дербес желдету жүйесі бар. Бұл өте жақсы жүйе, "таза үй-жай" деп аталады. Ол ауаның араласуына жол бермейді. Палатадағы ауа дәлізге шықпайды, керісінше, дәліздегі ауа да палатаға кірмейді", – дейді Нұрхан Сәдуақасов.

Ол сондай-ақ ұшақ бортында барлық жолаушылардың қызуы тағы бір мәрте тексерілгенін атап өтті.

"Біз ұшақ бортына көтерілген соң, тағы бір рет жолаушылардың қызуын өлшедік. Ұшақта санавиация қызметкерлері мен дәрігер-эпидемиолог қызмет көрсетті. Бір әйелдің қызуы 37,2 болды, бірақ одан аурудың (коронавирус белгілері ) қандай да бір сырттай белгілері анықталмады. Олар 2, 3 және 4 орындық палатаға орналастырылды. Жағдайлары және тамақтары өте жақсы. Жүктері өңделгеннен кейін сақтау қоймасына тапсырылды", – деді ол.

Сәдуақасов сонымен қатар көпбейінді аурухананың инфекциялық блогы бір-бірінен оқшауланғанын атап өтті.

"Жастар Қазақстанның барлық қалаларынан, негізінен Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент, Ақтау, Семей, Алматы облысы, Қарағандыдан. Олардың барлығы біздің талаптарымызбен келісті. Себебі сол жақта да оларға осындай талаптар қойылған. Олар инфекциялық блоктың оқашауландырылған палаталарында жатыр, дәлізге шықпайды. Біз халықты қорғау үшін барынша жоғары қауіпсіздік шараларын қабылдауға тиіспіз", – деп түсіндірді спикер.

Өз кезегінде Нұр-Сұлтан қалалық көпбейінді медициналық орталығы инфекциялық блогы директорының орынбасары Сәуле Атығаева карантинге жатқызылған жандардың жағдайымен бөлісті.

"Пациенттердің жағдайы бүгін таңертең қанағаттанарлық болды. Олардың тарапынан айтарлықтай шағым жоқ. Интоксикация белгілері байқалмайды, тыныс алуларында кемшілік жоқ, дене қызулары шекті нормада. Медициналық қадағалау инкубациялық кезең бойына жалғасады. Бұл жерде жатқан пациенттердің басым бөлігі коронавирус инфекциясының таралу жоғары аймақта болған", - дейді дәрігер.

Айта кетейік, еліміздің бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшин коронавирусқа тексеру үшін 89 азаматтың ауруханаға жеткізілгенін, олардың 43-і үйлеріне қайтарылғанын мәлім еткен болатын.

Сондай-ақ ол Қазақстан мен Қытай арасындағы әуе хабарламасы 4 ақпаннан бастап тоқтайтынын хабарлады.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/1839202-drigerler-kytajdan-kelip-karantinde-zatkan-studentterdi-zagdajyn-ajtty/

pixel