Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жээнбеков Уханьнан қырғыз азаматтарын эвакуациялауға көмектескені үшін Тоқаевқа алғыс айтты

Опубликовано:

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қырғыз президенті Сооронбай Жээнбековпен телефон арқылы сөйлесті. Әңгімелесу барысында көрші ел көшбасшысы Қазақстан президентіне алғыс айтқан деп хабарлайды Ақордға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Сооронбай Жээнбеков. Фото: Ақорда
Қасым-Жомарт Тоқаев пен Сооронбай Жээнбеков. Фото: Ақорда: UGC

Әңгімелесу барысында мемлекет басшылары қазақ-қырғыз стратегиялық серіктестігі мен одақтастық қатынастардың қазіргі ахуалын және оны одан әрі нығайтудың перспективаларын талқылаған. 

Сондай-ақ, Қазақстан президентінің 2019 жылғы қарашада қырғыз республикасына жасаған мемлекеттік сапарының қорытындылары бойынша қол жеткізген уағдаластықтарды сапалы жүзеге асыру қажеттігі айтылған.

Тараптар кеден бекеттеріндегі жүк тасымалы рәсімдерін жеңілдету мақсатында цифрлық технология саласы бойынша ықпалдастық орнату мәселесін де қарастырған.

Сонымен қатар Қырғызстан президенті Сооронбай Жээнбеков Қасым-Жомарт Тоқаевқа Қазақстанның Ухань (ҚХР) қаласынан қырғыз азаматтарын эвакуациялауға көрсеткен көмегі үшін алғыс білдірген.  

Телефон арқылы сөйлесуге қырғыз тарапы бастамашы болған.

Айта кетейік, 2 ақпанда Қазақстан коронавирустың жаңа түрі тараған Қытайдың Ухань қаласынан өз азаматтарын эвакуациялады.

Отандастарымызбен бірге Уханьнан Қырғызстан, Беларусь және Армения республикасының азаматтары да эвакуацияланған.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1839203-zeenbekov-uhannan-kyrgyz-azamattaryn-evakuacialauga-kmekteskeni-sin-tokaevka-algys-ajtty/

pixel