RU

Алматыдағы әл-Фараби даңғылы жабылады

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

23 ақпанда Қазақстанның оңтүстік астанасында қысқы марафон өткізіледі. Қатысушылар әл-Фараби даңғылымен жүгіріп өтеді. Сол уақытта аталған көшеде көлік қозғалысы тоқтатылмақ деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Әл-Фараби даңғылы. Фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

Әл-Фараби даңғылы. Фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

"Бірінші болу – батылдық" қорының баспасөз қызметі мәлім еткендей, жүгіруге 1,5 мың адамның қатысуы жоспарлануда.

Ұйымдастырушылардың мәліметінше, жүгіру бағдары "Нұрлы-Тау" бизнес орталығының автотұрағы аумағынан басталады. Қатысушылар әл-Фараби даңғылымен батыс бағытта Гагарин көшесіне дейін жүгіріп өтіп, кері айналады. Сөйтіп, марафон басталған жерге қайтып келеді.

Бұдан бөлек, үш түрлі жүгіру қашықтығы қарастырылған: 10-14 жастағы балаларға – 3 шақырым, скандинавиялық жүріске – 7 шақырым, ал 15 жастан үлкендерге – 10 шақырым.

Аталған іс-шараға байланысты әл-Фараби даңғылы үш сағатқа жабылады: 8:30-дан 11:30-ға дейін.

"Алматы марафон" сайтында бағдардың толық сызбасы көрсетілген.

Сызба. Almaty-marathon.kz

Сызба. Almaty-marathon.kz

Еске сала кетейік, жақында Алматыда электр энергиясын тасымалдайтын желілерге жөндеу жұмыстары жасалатын болғандықтан, қаланың барлық ауданында жарық өшіріледі деген хабар тараған болатын.

Кейіннен Алматы әкімдігі жарық сөндірілетіні жайлы ақпаратты жоққа шығарды.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Алматыдағы әл-Фараби даңғылы жабылады
Mailfire view pixel