Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Коронавирустың адамнан адамға жұғуының тағы бір жолы анықталды

Опубликовано:

Қытайлық мамандар қауіпті коронавирустың тағы бір берілу жолын анықтады. Вирус адам орындығында да өмір сүруі мүмкін деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Коронавирустың адамнан адамға жұғуының тағы бір жолы анықталды
Көрнекі фото: NUR.KZ: Original

Егер бұған дейін ақ халаттылар вирус ауа арқылы жұғады десе, қазір инфекцияның адам өмірі үшін маңызды өнімдер де өмір сүретіні анықталып отыр. Яғни, AsiaOne басылымының жазуынша, вирус зәрнәжістік және ауыз арқылы да жұғады.

Бастапқыда бұл туралы Шэньчжэннің дәрігерлері хабарлаған. Олардың ақпаратын Ухань мамандарымен қатар америкалық әріптестері де растаған.

Осыған байланысты медицина мамандары вирус жұқтырғандарды мұқият бақылап, өздерін сақтау мақсатында шаралар қолдануы керек.

Медициналық университеттің маманының айтуынша, жаңадан ашылған дерекке сай, вирус қоғамдық орындардағы дәретхананы қолдану арқылы жұғуы мүмкін. Сол себепті дәретханаларға жиі дезинфекция жасап отыру керек.

Басылымның жазуынша, мұндай жағдай Қытайда 17 жыл бұрын тіркелген. Сол кезде бір түрғын үй кешенінде үш жүзден астам адамнан пневмония табылған. Кейінірек инфекцияның канализация арқылы бірнеше адамға жұққан анықталды.

Айта кетсек, бүгінде 17,5 мыңнан астам адам коронавирус жұқтырған. Сондай-ақ 360-тан астам адам қаза болған. Дегенмен, қауіпті инфекциядан 493 адамның емделіп шыққаны туралы ақпарат та бар.

Еске сала кетсек, еліміздің бас санитарлық дәрігері коронавирусқа тексеру үшін 89 азаматтың ауруханаға жеткізілгенін мәлім етті. Олардың 43-і денсаулығы жақсы деп танылып, үйлеріне қайтарылған.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/health/1839221-koronavirusty-adamnan-adamga-zguyny-tagy-bir-zoly-anyktaldy/

pixel