RU

Әблязов БТА Банкіндегі ұрлық ісі бойынша 9 қылмыс жасады деп айыпталды

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Мәскеу қаласының Таган аудандық соты қазақстандық бұрынғы банкир Мұхтар Әблязовқа қатысты қылмыстық істі қарады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

аблязо

Фото: Sputnik / Серикжан Ковланбаев

Айыптаудың бір сағат қырық минут бойы оқылғаны айтылды. Тергеу мәліметтеріне сай, қазақстандық ұйымдасқан қылмыстық топты "БТА Банк" АҚ ақша ұрлау үшін құрған.

Аөшаны ұрлаудың негізгі схемасы мынадай: Әблязов банктің шоты есебінен жалған заңды тұлғаларды несиелер беріп отырған. Осылайша бұрынғы банкир Ресейдің Қылмыстық кодексінде көрсетілген тоғыз бірдей бап бойынша айыпталып отыр.

Тыңдаудан кейін сот келесі отырысты осы жылдың 10 ақпанына ауыстыру туралы қаулы шығарған. Айта кетсек, Әблязовтың сыбайластары ретінде іске тағы төрт азамат тартылған. Олардың бәрі Ресей Федерациясынан тыс жерде.

Еске сала кетсек, бұған дейін Ресей астанасында Мұхтар Әблязовқа қатысты сот процесі басталғаны хабарланған. Оған іс материалдары бойынша бақыланатын ұйымнан ұрланған 58 миллиард рубль немесе 965 миллиард теңгеден астам қаржыны жымқырды деген айып тағылған.

Айта кетсек, Бас прокурордың орынбасары Марат Ахметжанов мәжіліс отырысында Бас прокуратура Мұхтар Әблязов пен Виктор Храпновтың ісіне қатысты материалдарды шетелдік құқық қорғау органдарына жіберетінін хабарлаған еді.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Әблязов БТА Банкіндегі ұрлық ісі бойынша 9 қылмыс жасады деп айыпталды
Mailfire view pixel