RU
Қытайда коронавирустан көз жұмғандар саны 425-ке жетті

Қытайда коронавирустан көз жұмғандар саны 425-ке жетті

Рассказать Вконтакте

Қытайда жаңа вирустан туындаған пневмонияға шалдыққандар саны 20438 адамға жетіп, 425 науқас қайтыс болды. Бұл жайында ҚХР денсаулық сақтау жөніндегі мемлекеттік комитетте хабарлады деп жазады KAZ.NUR.KZ "РИА Новостиге" сілтеме жасап.

Көрнекі фото: pixabay.com

Көрнекі фото: pixabay.com

Осыдан бір күн бұрын ресми түрде 17205 адам ауырып жатқаны және 361 адам көз жұмғаны белгілі болған еді.

Ал бүгінде 2788 адам ауыр жағдайда, 632 науқас ауруханадан шыққан. Соңғы тәуліктерде 3235 жағдай анықталды. Гонконгта, Макао мен Тайваньда соңғы тәулікте жаңа науқастар тіркелмеген.

Сонымен қатар, ҚХР тағы 23 214 науқаста коронавирустың жаңа түрі бар деп күдіктеніп отыр.

Ал вирус жұқтырғандармен байланыста болған 171,3 мың адам бақылауда.

Айта кетейік, күні кеше еліміздің бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшин коронавирусқа тексеру үшін 89 азаматтың ауруханаға жеткізілгенін, олардың 43-і үйіне қайтарылғанын мәлім еткен болатын.

Сонымен қатар Денсаулық сақтау министрлігі Тауарлар мен қызметтер қауіпсіздігінің сапасын бақылау комитеті төрағасының орынбасары Нұрхан Сәдуақасов Уханьнан Қазақстанға жеткізіліп, карантинге жатқызылған студенттердің жағдайын баяндап берді.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel