Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстандық студент дене қызуы көтерілгені үшін Уханьнан орала алмады

Опубликовано:

83 отандасымен ілесіп арнайы борттың көмегімен Қазақстанға оралуы керек болған студент ұшаққа отыра алмай қалды. Енді қайтып келген студенттердің ата-аналары президенттен қазақстандық жігітті туған жеріне қайтаруын сұрап отыр деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Қазақстандық студент дене қызуы көтерілгені үшін Уханьнан орала алмады
Көрнекі фото: pixabay.com: UGC

Уханьда қалып кеткен студент отандастарын қаладан эвакуациялауға көмектесіп, өзі елден шыға алмай қалған. Себебі қазақстандықтарды еліне қайтару операциясы жүріп жатқан кезде студенттің қызуы көтеріліп тұрған деп жазады Sputnik Қазақстан.

Анасының сөзінше, қазіргі таңда баласы өзін жақсы сезінеді және денсаулығына шағымданбайды.

Елге қайтып оралған қазақстандықтардың ата-аналары мемлекет басшысынан Қытайда қалып кеткен студентті үйіне қайтаруын сұрап отыр.

Айта кетейік, 3 ақпанда Денсаулық сақтау министрлігі Тауарлар мен қызметтер қауіпсіздігінің сапасын бақылау комитеті төрағасының орынбасары Нұрхан Сәдуақасов Уханьнан Қазақстанға жеткізіліп, карантинге жатқызылған студенттердің жағдайын баяндап берді.

Сондай-ақ, желіде карантинге жатқызылған студенттер жатқан медициналық мекеменің суреттері тарады.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1839251-kazakstandyk-student-dene-kyzuy-kterilgeni-sin-uhannan-orala-almady/

pixel