Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Актер Жандос Айбасов шаңырақ көтерді (фото)

Опубликовано:

Отандық танымал актер Жандос Айбасов отбасын құрды. Қазақстандық кино саласының майталманы бірнеше жылдан бері кездесіп жүрген сүйіктісі фотограф Марина Карпыковаға үйленді деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Фото: Instagram/marinaaibassova/silver_925_na_zakaz/aiashka87. Коллаж: KAZ.NUR.KZ
Фото: Instagram/marinaaibassova/silver_925_na_zakaz/aiashka87. Коллаж: KAZ.NUR.KZ: Instagram

Өнер иесінің қалыңдығы Instagram парақшасында екеуінің неке қию куәлігімен түскен фотосын жариялап, көпшілікті қуантты. Оған қоса, әлеуметтік желіде Маринаның ақ орамалмен жүрген суреттері тарап кетті.

Жандос Айбасовтың ғашығы заңды түрде некесін қиғаннан кейін, сүйіктісінің тегін алған. Енді ол Карпыкова емес, Марина Айбасова болды. Белгілі фотограф тіпті, желідегі ресми парақшасына да жаңа тегін жазып қойған.

Желі қолданушылары бірден қос ғашықты отбасы болуымен құттықтап, оларға деген ақ тілектерін қарша жаудырған.

"Менің сүйікті актерім, бақытты болыңыз" , "Ағасы құсыңыз құтты болсын" , "Өте жарасымды жұп, тек қана бақыт" , "Келіншегіңіз сондай сүйкімді екен" , "Балалы-шағаоы болыңыздар" , "Сіздер бақытты болуға лайықсыздар" , "Жұптарыңыз ажырамасын, бақытты отбасылы өмір кешіңіздер" , "Әйеліңі өте жақсы адам сияқты" , - деп жазуда көпшілік.

Айта кетейік, бұған дейін Жандос Айбасовтың өзге ұлттың қызына үйленбекші екенін жазған болатынбыз.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1839252-akter-zandos-ajbasov-sayrak-kterdi-foto/

pixel