Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Атышулы "Кешьюдің" бұрынғы әншісі екінші рет ана атанбақ

Опубликовано:

"Кешью" тобында өнер көрсетіп, қалың көпшілікке танылған Элизат Берікова екінші сәбиін күтіп жүр. Қуанышы қойнына сыймаған шоу-бизнес жұлдызы аяғы ауыр екенін растап, бірнеше ай бойы жасырып келген құпиясын жария еткен деп жазады KAZ.NUR.KZ «Папарацци» бағдарламасына сілтеме жасап.

Фото: Instagram/elizaberikova007. Коллаж: KAZ.NUR.KZ
Фото: Instagram/elizaberikova007. Коллаж: KAZ.NUR.KZ: Instagram

Элизат Берікова екінші сәбиіне аяғы ауыр екенін сұхбаты барысында мойындап, қуанышымен жанкүйерлерімен бөлісуді жөн көрген.

«Бәрінен жасырған болатынбыз енді. Қазір төрт айдан асты. Негізі ойда-жоқта болып қалған жағдайлардың бірі. Жоспарда болмаған десе де болады. Бірақ, Құдайдың бергені. Құдайдың берген тағы бір сыйы деп қабылдадық. Соған қуанып отырмыз енді»,- деп ағынан жарылды әнші.

Бүгінде экс-кешьюлік арудың талаптары мен өмірге деген көзқарасы өзгеше. Кезінде көрермен алдында келісті келбетімен біраз жанды тәнті еткен ол қазір тек отбасы үшін алаңдайтынын жасырмады. Оған қоса, Элизат ата-ана атанғаннан кейін жауапкершіліктің одан бетер арта түсетінін жеткізді.

Баян Алагөзованың қол астында еңбек еткен өнер иесі жақын арада сахнаға оралуды көздеп отырғанын да айтып қалды. Алайда, бұл жолы ол өзін басқа қырынан танытпақ. Қазіргі кезде әнші ғана емес, адал жар, үлгілі келін болып жүрген Элизат өнердегі әпкелері Жазира Байырбекова мен Салтанат Бақаеваның ізінен еріп, қыздарды ұзатамын деген шешімге келген.

Айта кетейік, бұған дейін халық арасында Элизат Берікованың ажырасып кеткені жайлы қауесеттер тараған болатын. Алайда, өнер иесі бұл ақпаратты жоққа шығарып, бұл мәселеге қатысты жауап берді.

Оған қоса, Элиза Берікова тұрмысқа шыққан соң күйзеліске ұшырағанын да жасырмады.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1839256-atysuly-kesudi-brygy-nsisi-ekinsi-ret-ana-atanbak/

pixel