RU
Аты аңызға айналған есірткі баронының қызы тұрмысқа шықты (фото, видео)

Аты аңызға айналған есірткі баронының қызы тұрмысқа шықты (фото, видео)

Рассказать Вконтакте

Мексиканың Кулиакан қаласында аты аңызға айналған, көпшілік арасында Эль-Чапо (Қортық) лақап атымен танымал есірткі барон Хаокин Гусманның қызы тұрмысқа шықты. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ fakty.ua сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Фото: Fakty.ua

Фото: Fakty.ua

Алехандрина Жизель Гусманның таңдаған жары Бланка Маргарита Казарестің немере інісі Эдгар Казарес.

Салтанатты неке қию рәсімі кафедральды соборда өткен. Лимузинмен келген қалыңдықты Эль-Чапо картелінің қарулы мүшелері күзетіп жүрген. Ал собор бұл уақытта басқа адамдар үшін толы жабық болған.

Алехандрина тойда анасы, Эль-Чапоның бірінші жары Мариямен биледі. Ал есікрткі баронның өзі салтанатты кешке келген жоқ. Өмір бойына бас бостандығынан айырылған ол америкалық түрмеде жазасын өтеп жатыр.

Оның есірткі кәсібін ұлдары жалғастыруда.

Ал қалыңдықтың өзі болса өткен жылы El Chapo 701 жеке брендін патенттеді. Ол сәнді киім мен сусындар, оның ішінде El Chapo 701 сырасын шығарады.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін отандық танымал актер Жандос Айбасовтың шаңырақ көтергенін хабарлаған едік.

Өнер иесінің таңдауы фотограф ару Марина Карпыковаға түскен.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel