RU
Ақтауда мектеп оқушысы белгісіз инфекциядан көз жұмды

Ақтауда мектеп оқушысы белгісіз инфекциядан көз жұмды

Рассказать Вконтакте

Ақтауда екінші сынып оқушысы белгісіз инфекциядан көз жұмды. Дәрігерлер бастапқыда оның қызуы көтерілгенін, ал бірнеше сағаттан кейін жансақтау бөліміне түскенін мәлім етті деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ "Астана" телеарнасына сілтеме жасап.

Көрнекі фото: NUR.KZ

Көрнекі фото: NUR.KZ

Бастапқыда қызуы көтерілген екінші сынып оқушысына дәрігерлер жедел респираторлық-вирустық инфекцияларға қарсы дәрі жазып берген.

Алайда, бірнеше сағаттан кейін ол ауыр хәлде облыстық балалар ауруханасына жеткізілген. Ақ халаттылар оның менингококк инфекциясынан мерт болғанын болжауда.

"Бұл – менингококк инфекциясы. Бала ауруханаға өте ауыр халде жеткізілді. Антисептикалық жағдай, 2-3 дәрежедегі шок болды. ДВС синдромы болды. Яғни қанды тоқтату қиын еді", – дейді Маңғыстау облысы балалар инфекциялық ауруханасының бөлім меңгерушісі Ирина Карякина.

Сегіз жасар мектеп оқушысы спорттық гимнастикамен шұғылданған. Жаттықтырушысы оның жап-жақсы нәтиже көрсетіп жүргенін айтады.

Жеткіншекті үлкендердің тобына ауыстыруды жоспарлап жүрген екен. Соңғы рет ол жаттығу залына қайтыс болардан екі күн бұрын, 27 қаңтарда келіпті.

Енді жеткіншекпен байланыста болған барлық балалар оның ішінде спорт мекемесінің жүздеген баласы бақылауға алынған.

Еске сала кетейік, осыған ұқсас оқиға бірнеше апта бұрын Нұр-Сұлтанда болған. Екінші сынып оқушысы дәрігерге қаралғанан кейін, ертесіне көз жұмғаны хабарланды.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel