Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Сұлтанов коронавирустың еліміздегі азық-түлік бағасына қалай әсер еткенін айтты

Опубликовано:

Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов қауіпті коронавирус жайлаған Қытаймен шекараның жабылуына байланысты елімізде кейбір азық-түлік бағаларының өсуіне қатысты пікір білдірді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Сұлтанов коронавирустың қазақстандағы азық-түлік бағасына қалай әсер еткенін айтты
Көрнекі фото: pixabay.com: UGC

Сұлтанов бүгінгі таңда кейбір сатушылардың азық-түлікті жоғары бағада сата бастағанын растады.

Олардың айтуынша, бағалардың өсуі Қытаймен шекараның жабылуына байланысты болып отыр.

Алайда министр кәсіпкерлердің мұндай іс-әрекетін жөнсіз деп отыр.

Себебі Қазақстанның Қытайдан тауар тасымалдауын және Қытайға тауар шығаруын тоқтатпаған. Сұлтановтың пікірінше, сондықтан бағаларды өсіруге айтарлықтай негіз жоқ.

Осы орайда министр қазақстандықтарға үндеу жолдап, одан әрі шаралар қабылдау үшін осындай фактілер тіркелген жағдайда хабар беруін сұрады.

Айта кетейік, бұған дейін еліміздің бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшин 6 ақпаннан бастап, Қытай мен Қазақстан арасындағы шекара жабылғанын, шекараны тек жүктер мен ресми делегация құрамындағы шенеуніктер ғана кесіп өте алатынын айтқан еді.

Еске сала кетейік, Қытайда жаңа вирустан туындаған пневмонияға шалдыққандар саны 20438, көз жұмғандар 425-ке жетті.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1839276-sltanov-koronavirusty-elimizdegi-azyk-tlik-bagasyna-kalaj-ser-etkenin-ajtty/

pixel